8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Желтоқсан 2018 3901 0
Спорт

ОРАЛ ҚАЛАСЫНДА ЕКІ СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Тұңғыш Президент күні мерекесінде Орал қаласында екі спорт кешені ашылды.  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жеке инвестициялар есебінен салынған қос нысанның ашылуына облыс әкімі А.Көлгінов пен қала әкімі М.Мұқаев қатысты.

      

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған Р.Егізбаев көшесіндегі «Naryn» спорт кешенінің құрылысын қолға алған жеке кәсіпкер, облыстық мәслихат депутаты Амангелді Таспихов. Мұнда спорттың волейбол, баскетбол, үстел теннисі, спорттық би түрлерімен айналысуға болады. Ал Деркөл ауылындағы «Деркөл» кешені жобасының иесі – «Тикан» ЖШС директоры Александр Ткалич. Бұл кешенде ұлттық ойындарды дамыту назарға алынбақ. Сондай-ақ ғимаратта қосымша оқу сыныптары, шаштараз бөлмесі жабдықталған. Кешен алдында street workout алаңы бар.

Жаңа ғимараттың ашылуымен жасөспірімдер мен қыздар арасында ұлттық спорт түрлерінен қалалық фестиваль өткізілді.

Айта кету керек, соңғы екі жыл ішінде Орал қаласында 25 заманауи спорт алаңдары қолданысқа берілді.

                      

      

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
86 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»