ШАҺАРДЫ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖАЛҒАСУДА
Өткен жылдан бастап Орал қаласы бойынша 13 мыңнан астам жарық шамды ауыстыру жоспарланып, осы мақсатта жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ 320 дана сыртқы жарықтандыруды басқару шкафтары ауыстырылды.
Орал қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің абаттандыру секторының маманы Абылай Нұрмақовтың мәліметінше, жоспарға сәйкес биыл қала аумағында жарық шамдары мүлдем жоқ 15 көшені жарықтандыру басталған.
Қазіргі таңда 7 көшенің жарықтандыру жұмысы аяқталған. Қараша айының ішінде осы уақытқа дейін мүлдем жарықшамдар болмаған Чуйков, А.Карев, Н.Савичев, Ә.Кекілбаев, Ғ.Қараш, Фрунзе, Неусыпов көшелеріне диодты жарықшамдар орнатылады. Жарықтандыру бойынша жұмыстады «Казтехникс» ЖШС атқаруда. 30 қарашаға дейін көшені жарықтандыру жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға берілмек.
Айта кетейік, қалалық жарықтандыруды басқару бойынша «АСУНО» жобасы іске қосылған болатын. Шаһар көшелеріндегі жарықдиодты шамдардың жай-күйі қала әкімдігінде орналасқан диспетчерлік пункттен бақыланады. Бұл жобаның іске қосылуы жарықтандыру жүйесінің сапасына, апат орындарын жедел түрде анықтап, сол орынға бригаданы жолдау арқылы ақауды дер кезінде қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Яғни, бұрынғыдай жарықшамдарды маршрут бойынша айналып, қарап шығудың қажеттілігі жоқ. Шамдардың жай-күйі тәулік бойы бақылауда болады.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу