КОММУНАЛДЫҚ ТӨЛЕМДЕР БІР ҚҰЖАТПЕН
Орал коммуналды қызметтерді есептеу өңірлік орталығы желтоқсанның бірінен бастап коммуналдық қызметтерді кешенді түрде бір құжатпен төлеуге мүмкіндік береді. Бұдан бұлай электр энергиясына, жылу, газ, су және қоқыс қалдығын шығару, кабельді телевизия мен басқа да қызмет түрлерін төлеуді жүзеге асырады. Бұл туралы сейсенбі күні қала әкімдігінде журналистермен өткен брифингте «Коммуналдық қызметтерді есептеу орталығы – Орал» ЖШС директоры Ерлан Мурзабеков мәлімдеді.
Серіктестік басшысының айтуынша, қазіргі таңда орталық екінші деңгейлі банктермен жұмыс істейді, яғни бір мезетте төлем жүзеге асырылып, сол сәтте билинг базасында автоматты түрде көрсетіледі. 13 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан бұл жоба 2005 жылы Таразда «біртерезе» жүйесі бойынша іске асырылып келеді екен. Бірыңғай төлем құжатына 52 компания кіреді, оның ішінде ПИК-тер, домофон қызметі мен кабельдік телевизия, ал мемлекеттік емес сектордан энергиямен қамтамасыз ету, жылу, ыстық, суық су мен кәріз жүйесі де кіреді. Сондай-ақ жер мен мүлік салығының төлемі де осы құжатқа енгізілген. Орал қаласында коммуналды қызметтерді есептеу өңірлік орталығына қарасты 82 бақылаушы мен 15 оператор 5 абоненттік бөлімше бірыңғай төлем құжатын жасап, төлемақының уақытылы төленуін қамтамасыз етеді. Алдағы уақытта тұрғындар коммуналдық төлемдерді «Халық банкі», «Форте банк», «Каспий банк» сайттары арқылы, үйден шықпай-ақ төлей алады. Сол секілді «Касса 24», «Киви» терминалдары арқылы да төлем жасауына болады.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу