ЖОЛДА АБАЙ БОЛЫҢЫЗДАР!
27 қараша күні ауа-райының қолайсыздығынан Батыс Қазақстан облысында екі жол-көлік оқиғасы орын алды.

Түскі сағат 13.00 де Орал – Атырау тас жолында, Щапов ауылы маңында 3 автокөлік «Рено», «Хюндай» маркалы және жүк көлігі жол апатына ұшырады. Оқиға орнына БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының құрамы 5 құтқарушыдан тұратын құтқару бөлімшесі дереу жолға шықты. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар зақымдалған көліктен 2 жолаушыны шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Содан соң оларды жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
Сонымен қатар, сол күні сағат 17.20-да БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік қызметіне Желаев ауылы маңына жақын жерде «Ауди» және «Лада приора» маркалы 2 автөкөліктің жол көлік апатына түскені туралы қоңырау келіп түсті. Оқиға орнына бару үшін құтқарушылар бригадасы дереу жолға шықты. Құтқарушылар авариялық-құтқару гидравликалық құралдардың көмегімен қысылып қалған 3 жолаушыны шығарып алып, оларға дереу медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы мол қар басу жағдайы жол-көлік оқиғалар санын көбейетінін ескерте отырып, автоәуесқойларды жол-көлік ережелерін сақтауға шақырады.


Соңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу