БАҚҰЛ БОЛ, АЯУЛЫ ҰСТАЗ
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде жарты ғасырдан астам уақыт қызмет еткен ардагер ұстаз Меруерт Жолдықайырқызын сұм ажал арамыздан алып кетті. Бүгін ел анасының жамбасы қара жерге тиді.
Ұлы Отан соғысы жылдарымен есейген Меруерт Жолдықайырқызы еңбек жолын 1941 жылы қыркүйекте Жымпиты орта мектебінде аға пионер вожатый, бастауыш комсомол комитетінің хатшысы болып бастаған. 1942 жылы шілде айында Тасқұдық совхозындағы парткомның комсомол жұмысы жөніндегі орынбасары болып тағайындалады. Еңбекке етене араласқан апайымыз соғыстың отты жылдарында жоғары білім алады. Дәлірек айтсақ, 1942 жылғы қазан айынан бастап А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институттың филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінде оқып, оны 1946 жылы бітіреді. Оқи жүре әуелі I курста қаладағы №4 мектепте аға пионер вожатый боп қызмет атқарады. Одан кейін 1943 жылдың мамыр айынан Облыстық радио комитетінің әуелі қазақ тілінде жүретін хабардың дикторы, одан кейін редакторлық қызмет атқарады.
Меруерт Жолдықайырқызы 1945 жылы Ұлы Жеңісті радио арқылы хабарлау бақыты бұйырған жандардың бірі. «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Оралдан сөйлеп тұрмыз. Сүйінші! Совет жауынгерлері немістерді жеңді! Гитлер капут!» деп радиодан ең бірінші боп Орал жұртына сүйінші жаңалықты жеткізген жан.
Меруерт Жолдықайырқызы университеттегі қызметімен шектелмей, қоғамдық жұмыстардың бел ортасынан табылды. Ол 1959-1963 жылдары Орал қалалық кеңесіне депутат болып сайланады. 1963-1969 жылдар аралығында Орал қалалық партия комитетінің Пленум мүшесі болады. Қалалық партия жанындағы «Қалалық бақылау комитетінің» Президиум мүшесі болады. 1970-1980 жылдары А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институттың бақылау комитетінің төрайымы болады.1975-1978 жылдары филология факультетінің партия ұйымының хатшысы қызметін атқарады.1976-1982 жылдары институттың партия комитетінің бюро мүшесі болады.
Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де ұлағатты ұстаз қоғам өмірінен тыс қалған емес. Батыс Қазақстан облыстық Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлері кеңесінің Пленум мүшесі, 1996-2003 жылдарда университеттің Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлер кеңесінің төрайымы болады. Қарап отырсақ, еңбекпен бірге қоғамдық жұмысқа араласпаған жылдары жоққа саяды.
Меруерт Жолдықайырқызы Қазақстан, Ресей жоғарғы оқу орындары оқытушыларының арасында өткізілген дойбы, шахмат ойындарының спартакиадасының бірнеше дүркін жеңімпазы. Спортшы апайды Волгоград, Самара, Орынбор қалаларындағы әріптестері әлі де құрмет тұтады. Спортты жанына серік еткен апайымыз университеттің дәстүрлі спартакиадасының салтанатты ашылуында сап түзейтін санаулы жандардың бірі болатын.
Әр жылдары жасаған еңбегі өз кезінде бағаланды да. Оған апайдың алған марапаттары айқын дәлел. 1970 жылы КСРО Жоғары және арнаулы білім беру министрлігінің грамотасы, 1980 жылы «Қазақ ССР Халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісі, 1982 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің «Құрмет» грамотасы, 1984 жылы «Еңбек ардагері» медалі, 1992 жылы білім және педагогика ғылымы саласындағы ерекше еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Білім министрлігі алқасының Ы.Алтынсарин медалінің иегері. 1999-2000 жылдары Білім және ғылым министрінің «Құрмет грамотасымен», 1995 және кейін де Ұлы Отан соғысының Жеңісі үшін мерекелік медальдерімен марапатталды.
Жаныңыз жәннатта, иманыңыз жолдас болсын, аяулы ұстаз!
«Жайық үні-Жизнь города» газетінің ұжымы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қоғамдық қауіпсіздік жастар көзімен: полиция бастамасындағы пікірсайыс
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу