«КӘСІПКЕРДІҢ ЖЕКЕ КАБИНЕТІ»
Кәсіпкердің жеке кабинеті – бизнеске арналған электронды өнімдердің сөресінен кез-келген кәсіпкер өзіне керекті мәліметті cabinet.atameken.kz сілтемесі арқылы кіріп, алуына болады.
«Атамекеннің» баспасөз орталығында өткен «Кәсіпкердің жеке кабинеті» жобасының таныстырылымында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары міндетін атқарушы Аспена Досмағанова Астана қаласының кәсіпкерлеріне жаңа сервистің мүмкіндіктері туралы кеңінен баяндады.
– Бүгінгі таңда «Жеке кабинет» қызметін 300-ге жуық кәсіпкер пайдаланады. Күн сайын пайдаланушылар саны өсуде, олардан келіп түскен ұсыныс-пікірлерді таразылап, орынды ұсыныстарға қолдау білдіреміз. Біздің міндетіміз – отандық кәсіпкерлікті қолдау және көмек көрсету, – деді Аспена Досмағанова.

«Құжаттар конструкторы» – 100 құжат үлгісі тегін!
Жеке кабинет арқылы кәсіпкерлер «Құжаттар конструкторынан» құжаттар үлгісімен танысып, жұмыс барысында қолданады. Кәсіпкерге келісім шарт жасау, сатып алу-сату немесе жалға алу, орындалған жұмыстардың актілерін дайындау үшін заңгерді жалдау керек емес. Олар кез келген жағдай үшін заң тілінде сауатты жазылған 100 құжат үлгісін ашып, жүктеуіне мүмкіндік туып отыр.
Сонымен қатар, Аспена Досмағанова «Атамекеннің» биылғы жылы қыркүйекте іске қосылған «Жедел көмек» жобасына кәсіпкерлер ғана емес қоғам тарапынан қызығушылық артып келе жатқанын айтты.
– «Бизнесті құтқару қызметі» жобасы Астанадағы арнайы шағын және шағын бизнес үшін пилоттық режимде іске қосылған. 1432 нөміріне қоңырау соғып, кәсіпкерлер жедел кеңес алу ғана емес, мәселені реттеу үшін белгіленген нысанға мобильді топты шақыра алады, – деді спикер.
Мобильдік топтың құрамында – «Атамекен» ҚР ҰКП, прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдар, ІІД және Астана қаласы ТЖД қызметкерлері бар. «Бизнесті құтқару қызметі» күн сайын 9-дан 22-ге дейін қоғамдық тамақтану, қызмет көрсету (шаштараз, дәріханалар, турагенттіктер, киім тігу және жөндеу), қызмет көрсету (тамақ жеткізу, сауда) саласындағы кәсіпкерлер, сондай-ақ жөндеу және монтаждау жұмыстарының кез келген түрлерін жүзеге асыратын, үй шаруашылығын жүргізумен айналысатын кәсіпкерлер үшін жұмыс істейді.
Бизнеске арналған электронды өнімдердің сөресінде бұдан басқа да қызметтерге қол жеткізу мүмкіндігі бар.
Мәселен, «Кәсіпкелік бастамалар» – бизнес өрісін кеңейтуге ықпал етеді. Бұл қызмет арқылы кәсіпкер заң бойынша өз ұсыныстарын кең талқылауға және дауыс беру алаңына шығарады. Егер сіздің бастамаңызға көпшілік қолдау көрсетсе – «Атамекен» оларды мемлекеттік органдардың назарына ұсынады.
«Адалдықты тексеру» сервисінің – өзінің жеткізушісі (іскер серіктесі) туралы бәрін білгісі келетіндерге арналған сервис. Бұл кәсіпкерлердің бірыңғай базасы, ол сіз ынтымақтасуға ниетті фирманың қаншалықты тұрақты екенін анықтауға көмектеседі.
«Digital КҚКО» қосымшасы бойынша-61 қызмет тегін көрсетіледі. Мұнда салық, бухгалтерлік, кедендік мәселелер бойынша толық кеңес алуға болады. Барлығы 61 қызмет тегін онлайн. Мұнда өзекті тақырыптарға арналған оқыту курстарынан өтуге болады.
«Сатып алудың бірыңғай терезесі» – сатып алуды жеңілдететін қызмет түрі. Сізге мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік компаниялардың барлық сатып алу алаңдары кеңінен ашылады. Тендерге қатысу үшін түрлі дереккөздерде ақпаратты іздеудің қажеті жоқ. Бір минут ішінде белгілі бір тауардың, жұмыстың немесе қызметтің орташа сатып алу бағасы бойынша ақпаратты білу қиын емес.
«Бизнеске көмек» қосымшасы арқылы бизнес-үдерістерді толығымен автоматтандыруға көмектесетін сервистер бар. Кәсіпкерлер әрқашан қосымшада қанша тауарлар сақталатынын біліп, алыстан барлық сатылымдардың, қызметкерлердің іс-әрекеттерін бақылауға болады. Салық есептілігін автоматты түрде қалыптастырып, жөнелте аласыз. Ал қараша айының екінші онкүндігінде онлайн кассалық аппараттарды тегін пайдалануға болады. Бұл екі сервистің тұсаукесері қараша айында Ұлттық палатада өтеді.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу