БИЫЛ БҚО-ДА ЕКІ ЖЫЛЫЖАЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Бұл туралы бүгін, 25 мамыр күні БҚО әкімі Ғали Есқалиев ҚР орталық коммуникациялар қызметінде ұйымдастырылған Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп беруі кезінде мәлім етті.
Облыс басшысының баяндауынша, өңірдегі ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 32,7 млрд. теңге құрады, бұл мал шаруашылығы 2,7%-ға өсуіне байланысты.
Өсімдік шаруашылығында ауа райы тәуелділігінен арылу үшін егіс алқаптары құрылымын әртараптандыру жұмыстары жалғасуда. Шаруа қожалықтары күздік және майлы дақылдар алаңдарын ұлғайтып, жаңа технологияларды қолдануда. Мысалы, өткен жылы суарылған 5 мың га астам жердің 2,5 мың га заманауи жаңбырлатқыш агрегаттары арқылы суарылды. Ал 2021-2024 жылдары 28 шаруашылық заманауи жаңбырлатқыш агрегаттары арқылы суарылатын қосымша 19 мың га астам жерді қосу жоспарланып отыр.
– Қойма және көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында шұғыл шаралар қабылдау бойынша берілген Президент тапсырмасы аясында көкөніс сақтау қоймаларының санын 57-ге дейін көбейттік. Қосымша жалпы қуаты 20 мың тоннадан астам 8 көкөніс қоймасы салынатын болады. Оған қоса биыл көлемі 16 га құрайтын 2 жылыжай пайдалануға беретін боламыз, – деді облыс әкімі.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу