8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Қараша 2018 1983 0
Жалын

Біліктілігі жоғары мамандар даярланады

               Еңбек нарығына сұранысқа ие мамандарды дайындауда инженерлік-педагогикалық кадрлардың құзыреттілігін қалыптастыру және кәсіби дағдыларын дамыту маңызды. Осы орайда «Кәсіпқор» холдингі ағымдағы жылдың мамыр-қарашасы аралығында республикадағы 5 200 педагог оқытушыны біліктілікті арттыру курстарынан өткізді. Үш деңгейлі курстан Батыс Қазақстан облысы бойынша 228 педагог біліктіліктерін жетілдіріп, сертификаттарын алды.

       

«Кәсіпқор» холдингі 2011 жылы Елбасы тапсырмасымен жалпы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін халықаралық стандарттарға сай жетілдіру мақсатымен құрылған. Холдинг кәсіптік білім беру жүйесін дамытуды төрт бағытта жүргізіп келеді. Бірінші – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің мазмұнын жаңарту, екінші –оқыту сапасын арттыру, үшінші – техникалық және кәсіптік білім берудің тиімділігі мен мәртебесін арттыру, төртінші – сұранысқа ие және инновациялық бағыттар бойынша жұмыс атқарып жатқан техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын дамыту. Холдингтің кәсіби білім беру орталығының бас тренері Дина Түменбаева атап өткендей,  алғаш құрылған уақыттан бері «Кәсіпқор» республиканың әр түкпірінде заманауи біліктілігі мен дағдысы  бар  жоғарғы дәрежелі мамандарды дайындау үшін оқытушыларға түрлі бағыттағы курстар ұйымдастырып келеді.

– Кәсіптік білім беру орталығы жұмыс режимін әр аймақтан штаттан тыс тренерлер тарту арқылы ұйымдастырып отыр. Батыс Қазақстан өңірі бойынша оқытудан өткен сертификаттары бар 11 тренеріміз бар.  Олар – кәсіптік білім беру жүйесінде жұмыс жасайтын оқытушылар. Өңірге келіп сабақ өткізуіміз үшін алдын ала ішкі мәселелерді жете білуіміз керек. Штаттан тыс тренерлер осы бағытта бізге көмек көрсетеді. Кәсіптік білім беру орталығы біліктілікті арттыру курстары үшін 20 білім беру бағдарламасын әзірледі. Бұл министрліктің бұйрығымен бекітілген. Солардың ішінен Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы өңірдегі инженер-педагогтар үшін қажетті 11 тақырыпты таңдады. Үш кезеңді курстар сол тақырыптар бойынша жүргізілді, – дейді Дина Темірланқызы

2016 жылы облысымыздың 122 инженер-педагогы біліктілік курстарынан өтсе, 2017 жылы 228 қызметкер біліктіліктерін арттырған. Биыл колледж басшылары мен оқытушылардан 228 маман қатысып, ағылшын тілінде арнайы пәндерді өткізу, кіріктірілген білім беру бағдарламасы, «world skills» чемпионаттарын ұйымдастыру және басқа да өзекті тақырыптар бойынша курстан өтті.

Облыстық білім басқармасы техникалық кәсіптік білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сағындық Жұмагереев инженер-педагог кадрлардың біліктіліктерін арттырудың бәсекеге қабілетті мамандарды дайындаудағы маңыздылығы туралы айтып, өңіріміздегі техникалық және кәсіптік білім беру үдерісінде модульдік құзыреттілік тәсілдерін қолдану жалғасатынын жеткізді.

–  Экономиканың қарқынды жаңғыруы біліктілігі мен дағдысы  бар  жоғарғы дәрежелі мамандарға сұраныс тудырды. Қажетті құзіреттілікке үйретуде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары үшін қайта даярлау курстары маңызды. Бұл курстар арқылы инженер-педагогтар заманауи талаптарға сәйкес жаңа технологияларға, инновациялық тәсілдерге үйренеді. Облыс бойынша 24 колледж модульдік технологиямен жұмыстануда. Екі колледж бакалавр бағдарламасын енгізуді эксперимент түрінде жүргізуде. Арнайы пән сабақтары Skills әдістемесі бойынша ағылшын тілін кіріктіру арқылы өткізілуде. Педагогтар үшін курстарды өткізу студенттерге сапалы білім беруде нәтижелі болады деп есептейміз, – дейді Сағындық Меңдібайұлы.

Соңғы жылдары өңірдегі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту және алға қойған міндеттерге қол жеткізу үшін «Кәсіпқор» холдингімен тығыз байланыс орнатылып, тәжірибесі пайдаланылуда. Осы орайда Батыс Қазақстан индустриалдық колледжі холдингтің серіктесі ретінде жұмыс жасауда. Яғни, «Кәсіпқор» холдингі тарапынан дайындалған барлық жаңашылдық алдымен осы колледжге енгізіліп,  кейін басқа ұйымдарға таратылады.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
189 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
207 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
474 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
953 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1331 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1203 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1689 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2307 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2471 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2479 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2531 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2534 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2118 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
3013 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3067 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3060 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3676 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3642 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3633 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3607 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3768 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»