ЖАҢАҚАЛА АУРУХАНАСЫ ЖАПОНИЯЛЫҚ ГРАНТҚА ҮМІТКЕР
Бүгін «Корни Травы» қайтарылымсыз гранттық бағдарламасының координаторы Амантай Жанармен бірге Жапон елшілігінің Атташесі ТАНАКА Юма Жаңақала аудандық орталық ауруханасына іссапармен келді. Оларды облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрданат Беркінғали мен Жаңқала аудандық ауруханасының директоры Шыңғыс Сәрсенғалиев қарсы алды.


ШЖҚ «Жаңақала аудандық орталық ауруханасы» МКК 2018 жылдың мамыр айында Жапон елшілігінің «Корни Травы» қайтарылымсыз гранттық бағдарламасына құжаттар жолдаған болатын. Аурухана қажеттілігіне байланысты бейне гастроскоп және бейне эндоскопиялық жүйені (23 млн. 600 мың) алу үшін грант алуға үміттенген.
Ауданда онкологиялық ауруларға, ас қорыту жолдары ауруларына шалдыққандар аз емес. Жаңақала ауданы облыс орталығынан қашықта орналасқан, қазіргі жағдайда белгілі бір ауруға күманданған жағдайда бейне гастроскоп аппаратына түсіру үшін науқастарды Орал қаласына жолдап отыр, оған әрбір адамның мүмкіншілігі жете бермейтіні анық, егерде осындай қымбат, заманауи медициналық аппараттар аудан орталығында болған жағдайда тек Жаңақала ауданының ғана емес, жақын көршілес аудан тұрғындарының да қолжетімді көмек алары сөзсіз.
Өз шешімін жапониялықтар жылдың аяғына дейін қабылдайды.
Соңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу