8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Қараша 2018 2071 0
Қалалықтар қаперіне

ҚҰТҚАРУШЫЛАР ЕСКЕРТЕДІ

Құрметті азаматтар, өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтаңыздар! Тек бірлескен күшпен ғана өрт санын азайтуға, адамдардың қаза болуын болдырмауға болады.

Жылыту маусымында өрттердің алдын алу мақсатында:

– тұрғын үй-жайларыңызда алғашқы өрт сөндіру құралдары болсын;

– күн сайын тұрмыстық жылыту пештерінің жағдайын тексеріңіз;

– тұрмыстық пештерді тез тұтанатын сұйықтықтармен жылытпаңыз;

– газ пештерін жылыту үшін қоспаңыз;

– қолдан жасалған электр жылыту құралдарын қолданбаңыз;

– үйден шығар алдында газ бен электр жабдықтарының сөндірілгенін тексеріңіз;

– жанып жатқан пешті қараусыз қалдырмаңыз, сондай-ақ, кішкентай балаларға оларды қадағалауды тапсырмаңыз;

– отын жағатын жерде отын мен көмірді сақтамаңыз;

– пешті қыздырмаңыз;

– пештен шығарылатын күл мен қоқысты сумен сөндіріп, қауіпсіз орынға шығару қажет;

– сізге тиесілі үй-жайлар мен құрылыстарды заңмен белгіленген тәртіпте лауазымды тұлғалардың өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына тексеруін қамтамасыз етіңіз.

Өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау – сіздің амандығыңыздың кепілі, сіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтау. Есіңізде болсын, адамдардың бейқамдығы, отты ұқыпсыз пайдалану күтпеген зардаптарға әкелуі мүмкін.

Тұрғындардың тұншықтырғыш (иісті) газбен улануының негізгі себептері – соғылған түтін мұржалары, пеш конструкциясының жарылуы, ақаулы пеш жабдықтарын пайдалану, жабық жапқыш немесе тартпаның болмауы. Жылыту кезеңі басталғанға дейін үй-жай шегінде қабырға және түтіндік арналарын, әсіресе, шатырдағы түтін мұржаларын тексеру, мұржаларды жиналып қалған күйеден тазалау, пештің үстіне заттар мен дымқыл отынды кептірмеу қажеттігін тұрғындардың есіне саламыз.

Батыс Қазақстан облысы ТЖД ЖҚЖ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
86 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»