5 ЖЫЛДА 11 МЕКТЕП БОЙ КӨТЕРЕДІ
Бұл – «Nur Otan» партиясы БҚО филиалының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жоспары бекітілген Жол картасында белгіленген меже. Бұдан басқа білім сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Nur Otan» партиясы қойған міндеттер туралы партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев айтып берді.
– Білім сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатындағы басты міндеттер – апатты мектептерді жою және үш ауысымды оқытуды қысқарту. Осы мақсатта 11 жалпы білім беретін мектептің құрылысы жүргізіледі. Оның алтауы – Орал қаласында салынады. Қазіргі заманғы технологияларды енгізу, шебер, зерттеуші, сарапшы және модератор деңгейі бар педагог кадрлардың үлесін 50 пайызға дейін арттыруды – партия міндет етіп қойды. Қазіргі уақытта білім ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен қамту маңызды, – деді партия филиалы төрағасының орынбасары.
Осы орайда бес жыл ішінде өңірдегі мектептер мен балабақшаларды бейнебақылау жүйелерімен жарақтандыруды 100 пайыз қамтамасыз ету жоспарда. Мектеп асханаларын жөндеу және жабдықтардың ауыстырылуы назарда болмақ. Яғни, балалардың жайлы орында білім алуына партия ықпал етеді. Сонымен қатар педагогтарды қолдау жалғасады.
– Өткен жылы «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданды. Осы заңнаманың бастамашысы болған – «Nur Otan» партиясы. Біз ұсыныстарды жинап, талқылау кезіндегі барлық деңгейдегі ұстаздардың пікірлері заңға енді. Нәтижесінде ең көп өскен жалақы – педагогтардың жалақысы болып отыр. Мәселен, кейбір педагогтар санаты, тәжірибесіне байланысты кейбір аудан әкімдерінен де жоғары айлық алады. Осы орайда мұғалімдерге, болашақ педагогтарға жауапкершілік те күшейді. Енді партия педагогикалық мамандыққа үздік талапкерлердің қабылдануына мониторинг жүргізуді қолға алады. Яғни мәртебелі мамандықтың иелеріне талап та қатаң, – деді партияның облыстық филиалы төрағасының орынбасары Мұрат Мұқаев.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
«Жайық үні-Жизнь города» газеті
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі

Кіру
Пікір үстеу