8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Сәуір 2021 2313 0
Қоғам

5 ЖЫЛДА 11 МЕКТЕП БОЙ КӨТЕРЕДІ

Бұл – «Nur Otan» партиясы БҚО филиалының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жоспары бекітілген Жол картасында белгіленген меже. Бұдан басқа білім сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Nur Otan» партиясы қойған міндеттер туралы партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев айтып берді. 

 

–  Білім сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатындағы басты міндеттер – апатты мектептерді жою және үш ауысымды оқытуды қысқарту. Осы мақсатта 11 жалпы білім беретін мектептің құрылысы жүргізіледі. Оның  алтауы – Орал қаласында салынады. Қазіргі заманғы технологияларды енгізу, шебер, зерттеуші, сарапшы және модератор деңгейі бар педагог кадрлардың үлесін 50 пайызға дейін арттыруды – партия міндет етіп қойды. Қазіргі уақытта білім ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен қамту маңызды, – деді партия филиалы төрағасының орынбасары.

Осы орайда бес жыл ішінде өңірдегі мектептер мен балабақшаларды бейнебақылау жүйелерімен жарақтандыруды 100 пайыз қамтамасыз ету жоспарда. Мектеп асханаларын жөндеу және жабдықтардың ауыстырылуы назарда болмақ. Яғни, балалардың жайлы орында білім алуына партия ықпал етеді. Сонымен қатар педагогтарды қолдау жалғасады.

–  Өткен жылы «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданды. Осы заңнаманың бастамашысы болған – «Nur Otan» партиясы. Біз ұсыныстарды жинап, талқылау кезіндегі барлық деңгейдегі ұстаздардың пікірлері заңға енді. Нәтижесінде ең көп өскен жалақы – педагогтардың жалақысы болып отыр. Мәселен, кейбір педагогтар санаты, тәжірибесіне байланысты кейбір аудан әкімдерінен де жоғары айлық алады. Осы орайда мұғалімдерге, болашақ педагогтарға жауапкершілік те күшейді. Енді партия педагогикалық мамандыққа үздік талапкерлердің қабылдануына мониторинг жүргізуді қолға алады. Яғни мәртебелі мамандықтың иелеріне талап та қатаң, – деді партияның облыстық филиалы төрағасының орынбасары Мұрат Мұқаев.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

«Жайық үні-Жизнь города» газеті 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
345 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
365 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
344 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
383 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»