ТЕГІН КӘСІБИ КЕҢЕС АЛЫҢЫЗ
Орал қаласында жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жер қатынастарына қатысты процедураларда артық бюрократизмді болдырмау мақсатында, сондай-ақ азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру үшін жер мәселелері бойынша тегін семинар өтеді.

Дәріскер ретінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жанындағы республикалық арнайы мониторингтік тобының мүшесі, белгілі қоғам қайраткері, жер қатынастары мәселелері жөніндегі жетекші сарапшылардың бірі, жер қатынастары, заң және сот бойынша тәжірибесі мол кәсіби адвокат – Бақытжан Базарбек қатысады.
Азаматтар, келесі мәселелер бойынша тегін кәсіби кеңес ала алады:
– жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін беру;
– жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту;
– жерге орналастыру үдерісі, жер учаскелерін сегменттеу;
– игерілмеуіне және нысаналы пайдаланылмауына байланысты, сондай-ақ мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою;
– өз бетімен құрылыс;
– жер учаскелерін, шекара салу;
– су қорғау аймақтары мен белдеулері, қызыл желілер, санитарлық-қорғау аймақтары;
– жер учаскелерін заңсыз басып алу, рейдерлік.
Осы мәселелерге қатысты сұрақтарыңыз болса, семинарға келіп қатысуға шақырамыз! Қосымша мәліметті 8 (7112) 51-01-94 нөмірі арқылы алуға болады.
Семинар өтетін күні: 2018 жылы 15 қараша, сағат 15:00-де.
Өтетін орны: Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 201, Облыстық мәслихаттың үлкен залы.
Соңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу