«ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ» БАЙҚАУЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
«Қайырымдылық керуені» атты республикалық байқауының қорытындысы бойынша нақ қайырымдылық пен мейірімділіктің үлгісін көрсеткен екі батысқазақстандық – бас жүлдегер атанса, біреуі арнайы марапатқа ие болды. Шарапатты істердің бастаушысы болған 28 жерлесіміз алғыс хат алды. Бүгін облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовтың қатысуымен өткен салтанатты жиында байқау қатысушыларына құрмет көрсетілді.

«Қайырымдылық керуені» атты республикалық байқауды Нұрсұлтан Назарбаев қоры және Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы ұйымдастырып келеді. Байқау бес номинация бойынша жарияланды – «Асар», «Туған жер», «Батыл жүрек», «Қайырымдылық тарихы», «Мейірім жолында». Алайда, биыл комиссия мүшелері тағы екі номинация – «Бала жүрегі» және «Жануарға мейірім» номинацияларын тағайындау туралы шешім қабылданған.
Шараны ашқан облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы халықтың азаматтық бастамаларын жандандыруға және ел ішінде мейірімділік, қайырымдылық, қамқорлық сияқты адамгершілік құндылықтарды нығайтуға бағытталған байқаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ аз уақыт ішінде жақсы істердің бастаушысыбола білген «Іскер әйелдер» қауымдастығының жұмысына сәттілік тіледі.
Облысымыздағы «Іскер әйелдер» қауымдастығының төрайымы Жансұлу Төремұратованың айтуынша, үшінші мәрте өткізілген бұл байқауға облысымыздан қатысушылар саны жылдағыдан бірнеше есе көбейген және бұл республикадағы алдыңғы қатарлы көрсеткіш ретінде бағаланған. Осы орайда екі апталық мерзімде қала, аудан, ауылдар бойынша игі істердің жаршылары болып жүрген жандардың құжаттық материалдарын жинақтауға қолдау білдірген облыстық ішкі саясат басқармасы мен қала, аудан әкімдеріне алғысын жеткізді.

– Өткен жылдың соңында құжаттар жиналып, ұйымдастыру алқасына жолданды. Республикалық комиссия қарауына 667 өтінім түскен екен. Соның 31-і – біздің облыстан жіберілген материалдар. Республикалық тәуелсіз комиссияның шешімімен үш жерлесіміз жүлдегерлер қатарынан көрінді. Атап айтсақ, қайырымдылық жұмыстарымен айналысқан «Сырым елі» газеті – «Қайырымдылық тарихы» номинациясында, өрт басталып кеткен үйден үш сәбиді құтқарып алып шыққан бөкейордалық Дана Өтебаева – «Батыл жүрек» номинациясы бойынша алтын медальға ие болды. Қазталов ауданындағы шаруа қожалық басшысы Жолдыбай Нұрлыбаев арнайы дипломмен марапатталды. Жеңімпаздарды марапаттау Алматыда жоғары деңгейде өтті, – дейді Жансұлу Меңешқызы.
Сондай-ақ қатысушылар жүрегі кең абзал жандарды ынталандыруға бағытталған байқаудың маңызы туралы ойларын ортаға салды.
Шара соңында өзгелердің қиындығын жүрекпен сезініп, жан жылуымен бөлісіп жүрген жандарға Нұрсұлтан Назарбаев қорының директоры Дариға Назарбаеваның Алғыс хаты ұсынылды.
Айта кетейік, Алматыдан жеткен Алғыс хат жуырда дүниеден озған Асқар Қабановқа да бар. Өмірінің соңына дейін қайырымды істерге атсалысқан жайсаң жанның атына берілген марапат немересіне табыс етілді.

Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу