8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Наурыз 2021 1673 0
Дені сау ұлт

БҚО-ДА КОРОНАВИРУС БОЙЫНША АУРУШАҢДЫҚ 1,4 ПАЙЫЗҒА ӨСТІ

Соңғы аптада, яғни 12-18 наурыз аралағындағы аурушаңдық деңгейі өткен аптамен  – 5-11 наурыз аралығындағы көрсеткішпен салыстырғанда 1,4 пайызға, яғни  405-тен 411-ге өскен. Бұл туралы бүгін, 19  наурыз күні өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған Батыс Қазақстан облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тақырыбындағы брифингте өңірдің  бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Арыспаев мәлім етті. 

 1 наурыздан бері COVID-19 инфекциясы  1070 адамнан анықталды. Аталған жағдайлар ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген 442 адамда, жақын қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру кезінде 376 адамда, профилактикалық мақсатта тексерілген 181 адамда және стационарларға емдеуге жатқызу алдында эпидемиологиялық қадағалау мақсатында сынама алынған 71 адамда анықталды. 1 наурыздан КВИ жұқтырған науқастармен қарым-қатынаста болған 2506 адам медициналық бақылауға алынған.

– Соңғы аптада аурушаңдық күрт өсті. Кәсіби құрамы бойынша коронавирус инфекциясы анықталған науқастардың 37 пайызыжұмыс істейтін адамдар, зейнеткерлер – 24.3 пайыз, жұмыс істемейтін тұлғалар 16.8 пайыз болып отыр. Сондай-қ 9,4 пайызы оқушылар, 3,6 пайызы –  медицина қызметкерлері, 3,1 пайызы – мұғалімдер, одан бөлек ұйымдастырылмаған балалар, балабақша тәрбиешілері, студенттер, күш құрылымдары  арасында анықталып отыр, – деді Мұхамғали Арыспаев.

Эпидемиолог мамандар анықтағандай, үй ошақтарындағы қарым-қатынас арқылы инфекцияны жұқтыру деңгейі жоғары болып тұр. Сондай-ақ қоғамдық көліктерде, адамдар көп жиналатын орындарда, көпшілік шаралардың ұйымдастырылуы кезінде, медициналық ұйымдарда болған науқастардың арасында, жұмыста санитарлық талаптардың сақталмауынан инфекцияның таралуы төмендемей отыр. Өзге елден келген азаматтардың арасында да аурушаңдық тіркелген.

Облысымызда 1 қаңтар мен 18 наурыз аралығында коронавирустық инфекциямен барлығы 4857 жағдай тіркелген. Оның ішінде 2902 жағдайда ауру белгілері бар болса, 1955 жағдайда ауру белгілері жоқ. Қаңтар айында 1837 адамнан коронавирус анықталса, ақпан айында 1950 адамның инфекция жұқтырғаны, наурыз айында 1070 жұқтырғаны расталды.

Айта кетейік, коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының 19 наурыздағы мәліметіне  сәйкес, Батыс Қазақстан облысы «қызыл» аймаққа енді. Осы орайда адамдардың қозғалысын азайту мақсатында карантиндік шектеу шараларын күшейту туралы жаңа қаулы қабылданды.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
81 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
117 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
212 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
196 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»