8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Наурыз 2021 3983 0
Спорт

ЗЕЙНЕП ПЕН АНАСТАСИЯ – СПОРТ ШЕБЕРЛЕРІ

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің спортшы қыздары тағы бір белесті бағындырды. Сүйінші  хабарды университеттің медиа орталығы хабарлады. 

Ағымдағы жылдың 16-17 наурызы аралығында Павлодар қаласында өткен V Жастар ойындарында жоғары оқу орнының Экономика және аудит жоғары мектебінің 1-курс студенттері Зейнеп Баянова мен Анастасия Панасович әйелдер күресінен жеңімпаз атанып, ҚР спорт шебері нормативін орындады. З.Баянова 53 келі салмақта, ал А.Панасович 68 келі салмақта өз бақтарын сынап, жеңіске жетті. Жаттықтырушылары – Рулан Хамзин (Ақжайық ауданы), Баймұрат Әбдірахманов (Бөрлі ауданы), Мусабек Нарегеев (БҚО Спорт-интернат-колледжі).

Айта кетейік, қос бойжеткен жуырда ғана Өскемен қаласында өткен әйелдер күресінен 23 жасқа дейінгілер арасындағы ҚР чемпионатында да топ жарған болатын. Ел чемпионатында З.Баянова қола жүлдеге қол жеткізсе, А.Панасович күміс медальды жеңіп алған еді.

zhaikuni.kz

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
16 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
88 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
67 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
78 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
148 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»