«DIGITAL AQJAIYQ» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін облыс әкімі А.С. Көлгіновтің қатысуымен «Батыс Қазақстан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасының» кеңсесінде «Digital Breakfast» іс-шарасы ұйымдастырылды.

Аталған басқарманы құру туралы шешім ағымдағы жылдың мамыр айында қабылданған болатын. Басқарманың басты мақсаты «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы тапсырмаларды орындау және үйлестіру болып табылады.
Іс-шарада өңірде құрылған IT қоғамдастығымен кездесу және Digital AQJAIYQ тұжырымдамасы аясында атқарылып жатқан жобалардың дамуы талқыланды.
Кездесуде іске асырылатын және ағымдағы жобалар таныстырылды. Атап айтқанда 112 және 109 бірыңғай Call-орталықтарын құру, облыстық геопортал, электронды сәулет порталы және «Кіші индустриалды зона – IT HUB» құру мәселесі.

Сонымен қатар, облыс әкімі ресми түрде Smart Uralsk мобильді қосымшасын Google Play Market цифрлық жүйесінде іске қосты. Мобильді қосымша арқылы тұрғындар сұранысқа ие қалалық қызметтер туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар (жер және тұрғын үй кезегін білу, коммуналдық төлемдер, білім беру және денсаулық сақтау қызметтері және т.б.)
Аталған іс-шараға өңірдің IT қауымдастығы, үкіметтік емес ұйымдар және мемлекеттік орган өкілдері қатысты.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу