2021 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖОЛ КАРТАСЫ ДАЙЫНДАЛАДЫ
2021 жылдың 25 қаңтарында Батыс Қазақстан облыс әкімі Ғ.Н.Есқалиевтың төрағалық етуімен жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі аймақтық комиссияның кезектен тыс отырысы өткізілді. Комиссияда «2020 жылғы Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйінің мониторингі» тақырыбындағы зерттеу қорытындысы талқыланып, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Н.Самет Transparency Kazakhstan ұйымымен «Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық жай-күйінің 2020 жылғы мониторингі: тұрғындар мен кәсіпкерлерді әлеуметтік сұрау, «Ашық диалог» порталындағы өтініштерді талдау» тақырыбында жүргізілген зерттеу қорытындысы туралы баяндады.

Жалпы, аталған зерттеудің мақсаты – тұрғындар және бизнес ортадағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйін және жемқорлыққа бейім мемлекеттік органдарды анықтау.
Transparency Kazakhstan сарапшылары қалалардың, облыс және аудан орталықтарының деңгейінде 7200 тұрғын мен 1800 бизнес өкілдері арасында сауалнама жүргізіп, «Ашық диалог» порталына келіп түскен 1 347 шағымды талдады.
Зерттеудің әдістемесі Transparency International-дің 2 жаһандық зерттеуіне – тұрғындардың сыбайлас жемқорлық тәжірибесін өлшейтін әлемдік сыбайлас жемқорлық барометрі мен қоғамдық дискурстағы сыбайлас жемқорлық тақырыбының өзектілігін бағалайтын сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіне негізделген.
Азаматтардың 37,4%-ы және кәсіпкерлердің 45,9%-ы соңғы жылы олардың елді мекендеріндегі сыбайлас жемқорлықтың төмендегенін көрсетті. Респонденттердің 11,3%-ы мемлекеттік органдарға жүгінген кезде тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа тап болған. Шағын және орта бизнес өкілдерінің 8,2%-ы мемлекеттік органдарға жүгінген кезде мәселені бейресми жолмен шешу қажеттілігіне тап болған.
Бизнес-қоғамдастықтағы жағымды көріністі атап өткен жөн: сұралған кәсіпкерлердің 80%-дан астамы Қазақстанда пара бермей-ақ, тек құқықтық салада жұмыс істей отырып, өз бизнесін дамытуға әбден болады деп есептейді.
Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 60%-дан астамы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте көмек көрсетуге дайын екендіктерін хабарлады.
Батыс Қазақстан облысы бойынша сауалнамаға қатысқан тұрғындар арасындағы респонденттердің 40,6% сыбайлас жемқорлық мәселесі жоғарлатып көрсетілген, мәселені жемқорлықсыз да шешуге болады деп есептесе, бизнес өкілдерінің 38,5 % осындай пікірде.
Тұрғындардың 34,2% және бизнес өкілдерінің 37,7% сыбайлас жемқорлық кең таралмаған, алайда жемқорлық арқылы мемлекеттік қызметтерді алу жеңіл, әрі қолайлы деп санайды.
Сауалнамаға қатысушы әр 6 респондент немесе 17,1% жемқорлық күнделікті өмірімізге айналды деп белгілесе, бизнес өкілдерінің әр 13,1% осындай ойда. Бұл жерде 2019 жылмен салыстырғанда теріс пікір берушілер саны артқан.

Жүргізілген зерттеу қорытындысы бойынша өңірімізде жемқорлық көріністері құқық қорғау органдары, жер қатынастары, білім беру, денсаулық сақтау және мемлекеттік сатып алу салаларында кең таралғандығын көрсетті.
Жиын қорытындысы бойынша өңірімізде сыбайлас жемқорлықты азайтуға бағытталған тиісті іс-шаралар қабылдау туралы ұсыныстар негізінде арнайы жұмыс тобын құрып, оның құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың емес өкілдері және қоғам белсенділерін енгізу.
Олардың ұсыныстары мен ескертулерін ескеріп, 2021 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Жол картасын әзірлеу туралы шешім қабылданды.

Іс-шара соңында, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Р.С. Ақмырзаев: «Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды күшейту жөніндегі тапсырмалары аясында нақты басымдықтар қойылды. Қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жою – біздің ортақ міндетіміз! Аталған жиын Сіздің өңір басшысы ретіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы нақты ұстанымыңызды тағы да атап көрсетеді. Бұл күш-жігерді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Төрағасы Алик Жатқамбайұлы жоғары бағалап отыр»,- деп қорытындылап, облысы әкімі Ғ.Н. Есқалиевті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ісіне қосқан үлесі үшін Агенттік Төрағасы А.Ж. Шпекбаевтың «Құрмет грамотасын» тапсырды.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу