8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Қаңтар 2021 2315 0
Қоғам

2021 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖОЛ КАРТАСЫ ДАЙЫНДАЛАДЫ

2021 жылдың 25 қаңтарында Батыс Қазақстан облыс әкімі Ғ.Н.Есқалиевтың төрағалық етуімен жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі аймақтық комиссияның кезектен тыс отырысы өткізілді. Комиссияда «2020 жылғы Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйінің мониторингі» тақырыбындағы зерттеу қорытындысы талқыланып, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Н.Самет Transparency Kazakhstan ұйымымен «Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық жай-күйінің 2020 жылғы мониторингі: тұрғындар мен кәсіпкерлерді әлеуметтік сұрау, «Ашық диалог» порталындағы өтініштерді талдау» тақырыбында жүргізілген зерттеу қорытындысы туралы баяндады.

Жалпы, аталған зерттеудің мақсаты – тұрғындар және бизнес ортадағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйін және жемқорлыққа бейім мемлекеттік органдарды анықтау.

Transparency Kazakhstan сарапшылары қалалардың, облыс және аудан орталықтарының деңгейінде 7200 тұрғын мен 1800 бизнес өкілдері арасында сауалнама жүргізіп, «Ашық диалог» порталына келіп түскен 1 347 шағымды талдады.

Зерттеудің әдістемесі Transparency International-дің 2 жаһандық зерттеуіне – тұрғындардың сыбайлас жемқорлық тәжірибесін өлшейтін әлемдік сыбайлас жемқорлық барометрі мен қоғамдық дискурстағы сыбайлас жемқорлық тақырыбының өзектілігін бағалайтын сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіне негізделген.

Азаматтардың 37,4%-ы және кәсіпкерлердің 45,9%-ы соңғы жылы олардың елді мекендеріндегі сыбайлас жемқорлықтың төмендегенін көрсетті. Респонденттердің 11,3%-ы мемлекеттік органдарға жүгінген кезде тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа тап болған. Шағын және орта бизнес өкілдерінің 8,2%-ы мемлекеттік органдарға жүгінген кезде мәселені бейресми жолмен шешу қажеттілігіне тап болған.

Бизнес-қоғамдастықтағы жағымды көріністі атап өткен жөн: сұралған кәсіпкерлердің 80%-дан астамы Қазақстанда пара бермей-ақ, тек құқықтық салада жұмыс істей отырып, өз бизнесін дамытуға әбден болады деп есептейді.

Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 60%-дан астамы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте көмек көрсетуге дайын екендіктерін хабарлады.

Батыс Қазақстан облысы бойынша сауалнамаға қатысқан тұрғындар арасындағы респонденттердің 40,6% сыбайлас жемқорлық мәселесі жоғарлатып көрсетілген, мәселені жемқорлықсыз да шешуге болады деп есептесе, бизнес өкілдерінің 38,5 % осындай пікірде.

Тұрғындардың 34,2%  және бизнес өкілдерінің 37,7% сыбайлас жемқорлық кең таралмаған, алайда жемқорлық арқылы мемлекеттік қызметтерді алу жеңіл, әрі қолайлы деп санайды.

Сауалнамаға қатысушы әр 6 респондент немесе  17,1% жемқорлық күнделікті өмірімізге айналды деп белгілесе, бизнес өкілдерінің әр 13,1%  осындай ойда. Бұл жерде 2019 жылмен салыстырғанда теріс пікір берушілер саны артқан.

Жүргізілген зерттеу қорытындысы бойынша өңірімізде жемқорлық көріністері құқық қорғау органдары, жер қатынастары, білім беру, денсаулық сақтау және мемлекеттік сатып алу салаларында кең таралғандығын көрсетті.

Жиын қорытындысы бойынша өңірімізде сыбайлас жемқорлықты азайтуға бағытталған тиісті іс-шаралар қабылдау туралы ұсыныстар негізінде арнайы жұмыс тобын құрып, оның құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың емес өкілдері және қоғам белсенділерін енгізу.

Олардың ұсыныстары мен ескертулерін ескеріп, 2021 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Жол картасын әзірлеу туралы шешім қабылданды.

Іс-шара соңында, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Р.С. Ақмырзаев: «Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды күшейту жөніндегі тапсырмалары аясында нақты басымдықтар қойылды. Қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жою – біздің ортақ міндетіміз! Аталған жиын Сіздің өңір басшысы ретіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы нақты ұстанымыңызды тағы да атап көрсетеді. Бұл күш-жігерді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Төрағасы Алик Жатқамбайұлы жоғары бағалап отыр»,- деп қорытындылап, облысы әкімі Ғ.Н. Есқалиевті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ісіне қосқан үлесі үшін Агенттік Төрағасы А.Ж. Шпекбаевтың «Құрмет грамотасын» тапсырды.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
117 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
289 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
328 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
603 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
615 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
741 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1043 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1135 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1163 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1374 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1645 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1869 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1909 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
2056 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2254 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»