8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Қазан 2018 4350 0
Қоғам

«ЖОМАРТ ЖҮРЕКТІ» ЖАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін Батыс Қазақстан облысында  туған өлкенің, елдің дамуына үлес қосып, әлеуметтік маңызды қайырымдылық шараларына демеушілік жасап  жүрген меценаттарға «Жомарт жүрек» сыйлығы  табысталды.

Салтанат  сарайында өткен марапаттау шарасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Алдымен «Туған жер» бағдарламасы аясында Орал қаласы мен аудандарда меценаттардың және мектеп түлектерінің демеушілігімен жүзеге асырылған әлеуметтік жобалар көрме арқылы таныстырылды.

Форумды облыс әкімі Алтай Сейдірұлы ашып, атамекеннің абыройын асқақтатып жүрген ел азаматтарына шынайы алғысын білдірді.

– Ақжайық өңірі – ата дәстүрінен айнымаған, салтына берік, ұлттық құндылықтарды қадір тұтатын қасиетті өлке. Осынау өлкеде ел мүддесін өзінен биік қоятын, атамекеннің абыройын асырып жүрген азаматтар аз емес. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» деп атап өтті. Ел тарихы тұлғалар арқылы жасалынатынын ескерсек, Ақ Жайық өңірінде көптің алғысына бөленіп жүрген жандар жеткілікті. Бұл атадан келе жатқан игі дәстүрдің бүгінгі жалғасы. Қазақы қасиетіміздің айқын белгісі.  Ағайынға болысу, әлсізді демеу, жасы кішіні қолдау – азаматқа тән мейірімділік пен кеңдіктің көрінісі. Қазіргі таңда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы алты принципке негізделіп, алты арнайы жоба, алты кіші бағдарлама арқылы жүзеге асырылуда. Аз ғана уақыттың ішінде қыруар жұмыс атқарылды. Ең бастысы, туған өлкесін дамытуға белсене кіріскен жандардың қатары көбеюде. Облыс бойынша 60 әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. Әсіресе өңір меценаттары спорт, денсаулық, білім салаларына көбірек көңіл аударып келеді. Қазіргі таңда облыстағы әр елдімекенде спорт кешені, балалардың ойын алаңдары, мектептердің арнайы кабинеттері мен материалдық-техникалық базасын жаңарту, аудандық музейлерді толықтыру, жөндеу жұмыстарын жүргізу, ескерткіштер салу секілді шаралар атқарылуда. Сонымен қатар республикалық қорлардың көмегі тиюде. «Самұрық Қазына» және «Асыл мирас» қайырымдылық қорлары спорт инфрақұрылымын жақсартуға, бүлдіршіндерге қолдау көрсетуде, – деді Алтай Сейдірұлы.

Биылғы жылы «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында облыс аумағында 134 меценаттың қатысуымен 166 жоба мен түрлі деңгейде шара өткізілген. Оның 138-і ауылдық округте, 20 жоба аудандық деңгейде, сегізі облыс орталығында жүзеге асқан. Бағдарлама аясындағы осы әлеуметтік жобалар мен қайырымдылық шараларын жүзеге асыруға атсалысқан жергілікті кәсіпкерлер «Жомарт жүрек» сыйлығы мен облыс басшысының алғыс хатына ие болды. Атап айтқанда, бірқатар әлеуметтік нысандарды жүзеге асырып, соның ішінде киелі нысандардың бірі саналатын «Жайық қалашығының» кіреберісін салуға үлес қосқан Сержан Айтжан мен «Отдельстрой» ЖШС директоры Валентина Михно, Орал қаласында өз қаражатына тынымбақ салып берген «Батыс Пауэр» ЖШС директоры Жасұлан Жақыпов және БҚО ҚХА этно-мәдени орталықтары «Туған өлке» аталымы бойынша марапатталды. Әлеуметтік саланың дамуына қаржы бөліп, жалғызбасты аналарға, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға және балалар үйлеріне қолдау көрсетіп жүрген «Конденсат» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Валерий Жүнісов «Алтын ұя», маңызды қайырымдылық шаралардың бас демеушісі боп жүрген «UNISERV» ЖШС-ның бас директоры Нұрғазы Сәтбаев «Жылдың әлеуметтік жауапты ұйымы» аталымымен марапатталды. Ал «Қала күні» қарсаңында шаһар тұрғындарына тынымбақ салып берген, «Тақсай ханшайымы» мавзолейін салуға ерекше үлес қосқан «Автокомбинат» ЖШС директоры Валерий Голоухов «Жыл меценаты» атанды.

Өңірімізде 10-нан аса спорт және балалар ойын алаңын салып берген «Самұрық-Қазына Траст» ЖШС басшысы Ахметжан Есімов «Әлеуметтік салаға қосқан үлесі үшін» аталымымен марапатталса, аутизм диагнозы бар балаларға медициналық және психологиялық көмек көрсетіп, бейімдеуге арналған орталықтың ашылуына ұйтқы болған «Асыл мирас» қайырымдылық қорының құрылтайшысы Болат Өтемұратовқа «Жүректен жүрекке», ауылдарына фельдшерлік амбулаториялық пункт салып берген Қазталов ауданы Әжібай ауылының тумасы ағайынды Срәлиевтер  – «Жыл азаматы» аталымын иеленді. Сондай-ақ ағымдағы жылдың 5 мамырында суға батып бара жатқан 3 жасар сәбиді құтқарған Қазталов ауданы Қошанкөл ауылы Ғ.Бегалиев орта мекебінің 7-сынып оқушысы Нұрдәулет Айболатов «Батыл жүрек» аталымымен марапатталды.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
283 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
273 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
571 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
1043 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1419 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1265 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1778 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2398 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2560 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2567 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2618 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2623 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2179 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
3101 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3155 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3147 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3769 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3731 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3722 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3695 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3858 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»