НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, ЖАЯУ ЖҮРГІНШІ!
29 қазан 2 қараша аралығында Батыс Қазақстан облысы аумағында «Назар аударыңыз, жаяу жүргінші!» кең ауқымды жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.
Биылғы жылдың тоғыз айында облыста жаяу жүргіншілердің қатысуымен 97 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 10 адам көз жұмып, 91 адам жарақат алған. Жаяу жүргіншілердің кінәсінен 4 жол-көлік оқиғасы орын алған. 1800-ден аса жүргінші жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Жаяу жүргіншілердің кінәсімен болатын жол-көлік оқиғаларының басты себебі – өздерінің рұқсат етілмеген орындардан, бағдаршамның рұқсат етпеген белгісінен, жақындап қалған көліктің алдынан өтулері. Осындай қатерлер жаяу жүргіншілердің қозғалыс тәртібі мен мәдениетін білмейтінін көрсетеді. Мәселенің ушығуына соңғы жылдары көліктердің санының арту да басты себеп. Осы орайда ұйымдастырылып отырған іс-шара барысында жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жаппай ақпараттық-насихат кампаниялары ұйымдастырылады. Оған жастар ұйымдары, студенттер, басқа да азаматтық қоғам өкілдері қатысады.
Е.АСХАТҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу