МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ М.ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БҚМУ-ДА
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасы Президентіні «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауын талдау мақсатында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесу өтті.

Кездесуге университет ұжымы, ғылыми кеңес мүшелері қатысты. Алғашқы болып Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі А.А. Құрманова сөз алып, Елбасы Жолдауында айтылған негізгі бағыттарға назар аудара келе, практикалық маңызына кеңінен тоқталды. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі А.Қ.Нұркина мен Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы С.Ф. Бычковалар жолдауда айтылған әлеуметтік мәселелер жөнінде сөз алды. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Ж.Н. Нұрманбетова жоғары білім беру саласы, ғылымды қаржыландыру, педагог мәртебесі жөнінде сөз қозғады.
Кездесу барысында университет ректоры Н.Х. Серғалиев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарына «Педагог мәртебесі» туралы қабылданатын заңда мектеп мұғалімдерімен бірге, жоғары оқу орнының педагогтарының мәртебесі ескерілуі тиіс екендігін, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өткізетін жоғары оқу орындарының рейтинг көрсеткіштеріне өзгерістер енгізу қажеттігін, жас ғалымдарға берілетін гранттық қаржыландыру жүйесін реттеу, жас ғалымдарды ғылыми зерттеу жұмыстарына үйрету үшін алдымен шағын гранттар беру жүйесін енгізу керектігін және жатақхана құрылысына қатысты жеке серіктестермен бірлесу мәселесінде министрлік белгілеген 8 жыл уақытқа қаржы бөлуде туындап отырған қиындықтардың шешімін табу жолдарын қарастыру бағытында нақты ұсыныстар жасады.
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор В.Ю. Салов жолдаудың тұрмыс сапасын арттыру тарауының жетінші тармағы өңірлік деңгейдегі резервтерді тауып, бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыру қажеттігіне арналғанына, адам денсаулығының маңызды мәселе екеніне, осы орайда өзінің ұзақ тәжірибесі негізінде жинақталған практикалық нәтижелерді бұқаралық спортты дамытуда қолдану жөнінде ойын білдірді.
География ғылымдарының кандидаты, доцент Т.А. Терещенко қазіргі кезде педагог мәртебесі жөнінде айтылғанда, көбіне мектеп мұғалімі жөнінде сөз болып, жоғары оқу орнының оқытушыларының мәртебесі, олардың материалдық жағдайы жөнінде ұмыт қалатынына, ЖОО оқытушыларының ғылыми деңгейіне сәйкес лайықты жалақы алуға құқығы барын атап көрсете келе, педагог мәртебесі туралы дайындалып жатқан заң жобасына жоғары оқу орнының педагогтары жөнінде арнайы бөлім енгізуді ұсынды.
Кездесу соңында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын талдау барысындағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесуде айтылған профессор-оқытушылар құрамының ұсыныстарын негізге алу жөнінде қарар қабылданды.
Рита Сұлтанғалиева, М. Өтемісов атындағы БҚМУ баспасөз хатшысы
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді

Кіру
Пікір үстеу