«ҚАЛИ, МӘМЕН – КҮМБІР КҮЙ»
24 қазан күні Жаңақала ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жаңақала ауданының әкімдігі және Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы орталығы, Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімінің ұйымдастыруымен Жайық өңірінің дарабоз күйші-домбырашылары Мәмен Ерғалиұлы және Қазақстанның Халық артисі Қали Жантілеуовке арналған «Қали, Мәмен – күмбір күй» облыстық домбырашылар байқауы өтті.

Байқау күйші-домбырашылар Мәмен Ерғалиұлының және Қали Жантілеуовтің есімдерін насихаттау, күй мұрасын жас ұрпаққа жеткізу, орындаушылардың кәсіби деңгейін шыңдау, өнер әлемінде жас домбырашылардың есімдерін ашуды мақсат етті.
Ең алдымен, қазылар алқасы мен байқауға қатысушы үміткерлер күйші Мәмен Ерғалиұлы мен ҚР Халық артисі, «Құрмет» орденінің иегері, профессор, күйші-композитор Тұяқберді Шәмелов және ҚР Халық артисі, күйші Қали Жантілеуовтің кесенесінің басына зиярат етіп, құран бағыштап, күй алыптары алаңына гүл шоқтарын қойды. Сонымен бірге аудандық мәдениет үйі фойесінде күйшілерге арналған көрмені тамашалап, үміткерлердің реттік нөмерлері анықталды.
«Қали, Мәмен – күмбір күй» облыстық домбырашылар байқауының ашылу салтанатында аудан әкімі Наурызбай Қадырбайұлы сөз сөйлеп, үміткерлерге сәттілік тіледі.
Өнер додасына облыс аудандары мен қаладан 13 үміткер қатысты. Үміткерлер байқаудың І кезеңінде Мәменнің «Ақшолпан», «Қаражан ханым», Динаның «Байжұма», Құрманғазының «Машина», ІІ кезеңде Мәменнің «Дүрбелең», «Қайғылы қара», Махамбеттің «Жауға шапқан», Дәулеткерейдің «Қос ішек» күйлерін орындап, орындаушылық шеберліктерімен көзге түскен тоғыз үміткер келесі кезеңге өтті.


Домбырашылар бәйгесінде өзгелерден оза шапқан Бөкей ордасы ауданының домбырашысы Ерлан Сертеков бас жүлдегер атанды. Ал қазталовтық Ержан Құмарғалиев – І орын, оралдық Аружан Нұржанқызы, жаңақалалық Темірлан Сыралиев – ІІ орын, Шыңғырлау ауданы атынан қатысқан Азамат Қалиев пен Орал қаласынан Мұхамедияр Таңатаров – ІІІ орынды иеленді. Сондай-ақ Бақытжан Әміржан, Елдос Аманғалиев, Әли Қулатов дипломант атанса, Саадат Елеусінов, Еламан Елтаев, Бекет Сағынай және Жұмағали Кенжеғалиев алғыс хатпен марапатталды.
Домбыраның шанағынан төгілген күй құдіреті ел рухын асқақтатты.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу