СҰРАПЫЛ ЖЫЛДАРДЫҢ ҚҰПИЯСЫНА ҮҢІЛІП…
30 қарашада қала әкімінің орынбасары Б.Нарымбетов «Батыс Қазақстан – Ұлы Отан соғысы жылдарындағы майдан тылы (әскери-тарихи аспект)» тақырыбында зерттеу жұмысы бойынша өңірге келген ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің докторанты, подполковник А.Алдабергенованы қабылдады.

Тарих шежіресіндегі екінші дүниежүзілік соғыста Батыс Қазақстан майданның ең жақын тылы болды. Сталинград майданының отына шарпыған Жәнібек, Сайқын және Шоңғай стансалары туралы деректер әлі де ашық жарияланбаған. Осы мақсатта ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің докторанты, подполковник А.Алдабергенова тарих ғылымдарының докторы С.Мұхамеджанованың ғылыми жетекшілігімен зерттеу жүргізуде.
– Өкінішке орай, бүгінде Қазақстанның ресми тарихнамасы Қазақстанды майдан түбіндегі аймақ ретінде мойындамайды. Әр түрлі ақпараттарда 1942-43 жылдардағы Сталинград шайқасы кезінде Орал қаласы, Жәнібек, Сайқын, Шоңғай елдімекендері фашистік бомбалауға ұшырағаны, ол жерлерде фашистік диверсанттар тобы жұмыс жасағаны айтылады. Сол кезде Қазақстан аймағында Сталинград майданының 120 бөлімі орналасқан деген ақпар бар. Менің мақсатым – осы әскери бөлімдер туралы мәліметтерді жинақтау. Олар қандай әскери бөлімдер, қандай мақсатта, қандай тапсырмаларды орындағанын анықтау. Осы өңірдегі өлкетанушы Павел Букаткин бұл жөнінде «БҚО – Сталинград майданының жақын тылы» тақырыбында диссертация жазған. Мен сол кісінің бастамасын іліп әкеттім десем де болады. Өйкені 1963 жылы архивтегі құжаттардың барлығы құпия болды. Бірақ, қазір, міне, Жеңіс туының желбірегеніне – 75 жыл өтті. Құпиялардың ашылатын кезі келді деп ойлаймыз. Келер жылдың маусым айында Подольск қаласына баруды жоспарлап отырмын. Онда Сталинград майданына қатысты барлық материалдар сақтаулы. Тарихымыз үшін құнды ақпараттар табамын деген ойдамын, – дейді Амангүл Мұстафақызы.
Кездесу барысында қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов Ұлы Жеңістің 75 жылдығы аясында тарихшы-өлкетанушылар, қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарма және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдармен атқарылған жобалар туралы хабардар етті.
– Қорғаныс бөлімінің мәліметінше, 80 мыңнан астам адам біздің өңірден соғысқа қатысқан екен. Бұл бағыттағы іздеу жұмыстары әлі де жүргізілуде. Тарихи деректердің кейбір құпиялары енді ашылып жатыр. Тасқала ауданында Сергей Владимирович бастаған іздеуші топ, Айболат Құрымбаев, Ахмедияр Батырханов сынды өкетанушылар үлкен жұмысты алға жетелеп келеді. Осы ретте Ұлттық қорғаныс университетінің біздің өңірдің тарихшы-өлкетанушыларымен бірге жұмыстанып, қолдау көрсетіп, жәдігерлерді жинақтауға және оларды ғылыми жұмыс аясында елге танытуға мүмкіндік жасап жүргеніне қуаныштымыз, – деді Бақытжан Хаберұлы.
Зерттеуші-подполковник Амангүл Алдабергенованың айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласындағы әскери-тарих музейінде Батыс Қазақстан облысына арналған экспозиция ашылған. Экспозицияны жасақтауда батысқазақстандық белсенді із кесушілердің рөлі ерекше. Олар тапқан соғыс жәдігерлері осы музейге қойылған. Соғыс кезіндегі Жәнібектегі стансаның көрінісі бейнеленген диорама дайындалған. Осы ретте ҚР Қарулы күштері мемлекеттік әскери-тарихи музейінің қорын құнды жәдігерлермен толықтыруға, халқымыздың тарихи-рухани мәдени мұраларын насихаттауға және музей ісін дамытуға қосқан зор үлесі үшін Ахмедияр Батырхановқа, Марат Ізімғалиұлына, Жайсаң Төлегенұлына және Сергей Владимировичке ҚР Қарулы күштері әскери-тарихи музейінің бастығы, подполковник Н.Асиловтың және ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы, генерал-лейтенант С.Қамалиденовтың атынан алғыс хат табысталды.
Сондай-ақ мейманға биыл қала әкімдігінің бастамасымен шығарылған майдан шежіресінен сыр шертетін «Орал қаласы – сұрапыл соғыс жылдарында» кітабы ұсынылды.

Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу