ХАДИША ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ «ДАРЫН» МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ
Х. Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі Жасқайрат Валиуллиев «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері атанды. Сүйінші хабарды театрдың ақпарат бөлімі хабарлады.

Мемлекеттік сыйлық ғылыми, шығармашылық және журналистика, қоғамдық саладағы жемісті еңбек үшін, сондай-ақ спорттағы зор жетістіктер үшін тағайындалады. Биыл аталмыш марапатты еліміздің әр саласында еңбек етіп жүрген 19 жас иеленді.
Жасқайрат Сәбитұлы «Театр және кино» аталымы бойынша үздік деп танылды.
Жайқайрат Валиуллиев 2008-2012 жылдары Құрманғазы атындағы саз колледжінің «Виолончель» аспабы мамандығын, кейін 2012-2016 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясынан «Музыкалық театр жәнн кино әртісі» мамандығын оқыды. 2016 жылдың қыркүйегінен Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында актер, 2019 жылдан көркемдік жетекші қызметін атқарып келеді.
Өнер саласында табысты еңбек етіп жүрген актер 2018 жылы Қазақстан Театрлар Ассоциациясының «Сахнагер – 2018» Ұлттық театр сыйлығы «Үміт» номинациясы бойынша марапатталды. Өткен жылы «Өнер Саласының үздігі» төсбелгісін иеленді және облыстық жастар сыйлығының «Жыл үздігі – 2019» жастар сыйлығының иегері атанды.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының 2020 жылға арналған мөлшері әр номинация бойынша 600 000 теңге.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі

Кіру
Пікір үстеу