«АТАДАН МАЛ ҚАЛҒАНША, ТАЛ ҚАЛСЫН»
Бүгін Орал қаласында жалпы қалалық сенбілік ұйымдастырылып, жас көшеттер отырғызылды. Бұл шараға облыс әкімі Алтай Көлгінов, қала басшысы Мұрат Мұқаев, мемлекеттік мекеме өкілдері, БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, жастар, жеке кәсіпкерлік субъектілері атсалысты.

Мемлекет басшысы өңірге сапарында Орал қаласы экологиялық таза өңірлер қатарында екенін және осы дәрежеден түспеу қажеттігін атап өтті. Елбасы тапсырмасы аясында туған өлке табиғатын түлету, экологиялық жағдайды жақсарту мақсатындағы ағаш отырғызу акциясы Қазақстан халқы Ассамблеясы үйі алдында кең көлемде ұйымдастырылды.
– Ең бастысы осындай маңызды іс-шараға әр азаматтың отбасы мүшелерімен келгені қуантты. Үлкендер кішкентайларын ерте келіп, өз істерімен үлгі көрсетті. Сондықтан бұл шараның тәрбиелік мәні зор. Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі. Яғни, ата-анасынан өнеге алып, осы игі дәстүрді жалғастыратын болады. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген сөз бар. Қаламызда жайқалған теректер бізге дейінгі ағалардың бізге сыйы, аманаты. Аталарымыздың осы аманатын жас толқынға жеткізіп, ұрпақтар сабақтастығын үзбеуіміз қажет. Бұл біздің мәдениетіміз, қоғамның өсу деңгейі, – деді Алтай Сейдірұлы.

Күзгі маусымда облысымызда 6 мың тал-терек егу жоспарланған. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысы Миржан Нұртазиевтің айтуынша, алдағы күндері қала аумағында шырша, қарағай сынды суыққа төзімді қосымша 2 мыңдай ағаш отырғызылады.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді

Кіру
Пікір үстеу