8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Қазан 2018 2357 0
Қоғам

Кәсіпкерлер бизнестерін қорғауға құлықсыз!

Сыбайлас жемқорлық құбылысы кәсіпкерлік саласын айналып өтпейді. Бүгінде жемқорлық бизнесті жүргізудің бір тетігіне айналған. Бұл мәселе «Атамекен» ҰКП» БҚО кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлер құқын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінде қаралды.

Басқосуды кеңес төрағасы Хайдар Қапанов ашып, күн тәртібінде қаралатын мәселелермен таныстырды. Алдымен ағымдағы жылы кәсіпкерлік қызметке заңсыз кедергі келтіру фактілері бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы облыстық департаментінің атқарған жұмысы тыңдалса, одан кейін мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудағы қаржы тапшылығы, кәсіптік және техникалық оқу орындарының сенімгерлік басқаруға берілу жайы қозғалды.

Пара алып, саудаға рұқсат берген

Жыл сайын шағын және орта бизнес субъектілерінің қызметіне мемлекеттік органдардың лауазымды қызметкерлері тарапынан кедергі келтіру фактісі бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстары ашылып келеді. Мәселен, ағымдағы жылдың тоғыз айында осындай алты факті анықталған. Барлық қылмыстық істер пара алу фактісі бойынша қозғалған. Қазіргі уақытта істер бойынша өндіріс аяқталып, сотқа жолданған. 4 лауазымды тұлға қылмыстық жауапқа тартылған. ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы БҚО департаменті басшысының орынбасары Айдос Жүнісовтың айтуынша, осы санатта ашылған қылмыстар, яғни кәсіпкерлік қызметке заңсыз кедергі келтіру әрекеттері кәсіпкерлер тікелей және жанама тәуелді бақылаушы органдардан немесе мемлекеттік мекемелерден болатынын көрсеткен.

– Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы саласында төрт факті тіркелді. Құқық қорғау және мемлекеттік сатып алу саласында бір-бір фактіден анықталды. Өткен жылы да, биыл да ветеринарлық инспекторлардың Орал қаласы базарында ет өнімдерін сатушылардан базар аумағына етті кедергісіз әкелуі, ет өнімін лабораториялық зеттеуден өткізуі үшін ақша жинағаны анықталды. Кәсіпкерлер етті таратуға рұқсат алу үшін ветеринарлық инспекторға тәуелді болғандықтан, пара беруге мәжбүр болған. Ал ол лабораторияға жолдауға қол қойып, саудаға рұқсат берген. Рұқсат беруге кең құқықтың болуы және шенеуніктің кәсіпкермен тікелей байланысы жемқорлық үшін жақсы жағдай туғызады. Әрі облыстың эпизоотиялық жай-күйіне кері әсер етері анық. Өйткені сөрелерге ветеринарлық-санитарлық талаптарға сай келмейтін, соның ішінде бруцеллез жұқпасымен жұқпаланған өнімдер түсуі мүмкін,  – дейді Айдос Жаппарұлы.

Құқық қорғау саласы бойынша «Рубеж» стационарлық полиция күзеті арқылы кедергісіз жүк өткізуі үшін кәсіпкерден ақша бопсалап, пара алған БҚО ІІД жол-күзет полиция батальонының қызметкеріне қатысты іс қозғалған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі мамандарының сөзінше, бұл сала да, көлік прокуратурасы секілді кәсіпкерлік қызметке кедергі жасауда тәуекелді саналады. Мемлекеттік сатып алу саласында бір аудандық бөлім басшысына қатысты іс қозғалған. Ол жол жөндеу жұмыстарының орындалуы туралы актқа қол қою, келісімшартқа сәйкес өтем жасау және алдағы кәсіпкерлік қызметіне қолдау көрсетуі үшін кәсіпкерден ақша талап етіп, пара алған. Мемлекеттік сатып алу саласында қызметті орындаушыны анықтаумен байланысты шенеуніктердің «айналдыруы» сынды жемқорлық тәуекелдері мердігерлердің құрылыс материалдары үшін қаржыны үнемдеуіне, салдарынан атқарылған жұмыстардың сапасына әсер етеді.

 

Мәселені сыбайластықпен шешетін кәсіпкерлер көп

«Protecting Business end Investments» жобалық кеңсесі жұмысы аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы ҚР мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО департаментімен бірге БҚО аймағында инвестициялық жобаларды жүзеге асырушы кәсіпкерлік субъектілерімен өзара әрекеттестікті қолға алды. Бірақ, іс жүзінде кәсіпкерлер мемлекеттік қызмет органдарындағы жемқорлық фактілері туралы шағыммен сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметіне жүгінбейтін көрінеді. Көбіне олар үшін «жемқор шенеуніктердің» көмегімен мәселені шешу жеңілірек. Осылайша, жемқорлық құбылысы бизнесті жүргізудің бір тетігіне айналып отыр. Айдос Жүнісов атап өткендей, мемлекеттік органдармен тікелей байланыс жасайтын қоғам өкілдері, соның ішінде шағын және орта кәсіп иелері толық атсалыспайынша, тек құқық қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының жұмысы нәтижелі болмайды.

Тексерулердің көптігі де бизнесті жүргізуге тежеу болатыны шындық. Сондықтан елімізде бизнесті қорғауға барынша көңіл бөлініп, бірқатар тексерулер де қысқартылған болатын. БҚО құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқармасының басшысы Жанат Нұрмағамбетова мәлім еткендей, тексерулерді тіркеу институтының енгізілуі тексерістерді азайтуға мүмкіндік берді. Бүгінде қайталама тексерулер алынып тасталған, көбі профилактикалық бағытта жүргізілуде. Мәселен, 2009 жылы 12 мың тексеру, 2010 жылы 20 мың тексеру тіркелген болса, 2018 жылдың тоғыз айындағы көрсеткіш бойынша бұл тексерулер 5,5 мыңға дейін азайған. Бизнесті жүргізуге кедергілерді жою мақсатында комитет бақылаушы органдарға ұдайы мониторинг жүргізіп отыр. ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті өткен жылы кәсіпкерлерді заңсыз тексерудің алдын алатын «Қамқор» мобилді қосымшасын іске қосқан болатын. Оған тіркелген кез келген кәсіпкер құзырлы органдар тарапынан тексеру жүргізілетін болса,  арнайы  смс-хабарлама арқылы біле алады. Онда тексеру уақыты, тексерістің   себептері,  бақылаушы топ  мамандарының аты-жөні ашық көрсетіледі. Бұл  – заңсыз тексерістің алдын алуда рөлі зор қосымша. Әйткенмен, өңір кәсіпкерлері бұл қосымшаны ұялы телефондарына орнатуға құлық танытпай отыр. Сәйкесінше, өздеріне бақылаушы органдар тарапынан келген тексерудің заңды немесе заңсыз екенін ажырата алмайды. Жанат Жандоллақызының есебінше, облысымыздың аумағында істерін жүргізіп отырған 43 мыңдай кәсіпкердің 2 мыңы ғана осы қосымшаға тіркелген. Яғни, кәсіпкерлердің өздері бизнестерін қорғауға ықылассыз.

– 2017 жылдың шілде айында ізгілендіру аясында ҚР Қылмыстық кодексіне экономикалық қылмысқа  жауапкершілік бойынша өзгерістер енгізілді. Отандық бизнесмендер бірінші рет жасалған қылмыс үшін жауаптан босатылып, айыппұлдың көлемі төмендетілді. Экономикалық қылмысқа қатысты іс қозғау тәртібі өзгерді. Олар тек тексеру актісі болған жағдайда және залал келтірілгенде ғана тіркелетін болды. Қылмыстық Кодекстің 215-ші «жалған кәсіпкерлік» бабы жойылды. Бизнесті жүргізуге әкімшілік кедергілерді жою жұмыстары жүргізілуде, – деді Жанат Жандоллақызы.

 

Ақпарат ашық болуы керек

Басқосуда қаралған басты мәселенің бірі – мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының сенімгерлік басқаруға берілуі.   Облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Сандуғаш Айтқалиеваның мәліметінше, екі инвестордың бірі – Орал мұнай және газ колледжіне, екіншісі – педагогикалық колледжге қызығушылық танытқан. Белгілі рәсімдер аяқталған соң, астаналық инвестор педагогикалық колледжді сенімгерлік басқаруға алмақ.

– Мұнай және газ колледжіне қызығушылық танытқан инвестор сенімгерлік басқаруға сатып алу құқығымен алғысы келетінін айтты. Сенімгерлік басқаруға алғандықтан, мемлекет пен жеке кәсіпкер арасында тығыз серіктестік болуы керегін жеткіздік. Бірақ, оқу орнын дамыту мақсатында жабдықтар алып, ағымдағы жөндеу жүргізуі, қазандықтағы олқылықтарды қалпына келтіруі қажеттігін білгенде, ол бас тартты. Педколледж бойынша да инвесторға күрделі жөндеу жобасы мен материалды-техникалық базаны нығайту қажеттігі ұсынылды. Ол келісіп, бұған қосымша оқу корпусы, спорт кешені, ақылды кітапхана үшін бірнеше корпус салатынын айтты. Ол үшін жер жайы қарастырылуда, – деді Сандуғаш Сайынқызы.

Алайда, педколледждің сенімгерлік басқаруға берілетіні туралы ақпарат еш жерде жарияланбаған. Кеңес мүшелері үшін инвесторлардың облысымыздағы 27 мемлекеттік білім беру ұйымының, соның ішінде әзірге екеуінің сенімгерлік басқаруға беру үдерісі жүргізіліп жатқанын қайдан білгені таң қаларлық.

– Біз осы мәселе бойынша сұраныс жасап, әр жылдарға жоспарланған жекешелендіру және сенімгерлік басқаруға берілетін мектепке дейінгі және орта буын ұйымдарының, техникалық және кәсіптік оқу орындарының тізімін жариялауды сұрағанбыз. Білім басқармасына да, экономика басқармасына да хат жолдадық. Сіздер әзірге жоспарда жоқ екенін айттыңыздар, – деген кеңес төрағасы Хайдар Қисыметұлы білім басқармасына өкіліне ақпаратты жергілікті кәсіпкерлерден жасырудың қажеті жоқтығын қатаң ескертті.

Сандуғаш Айтқалиева айтып өткендей, әлеуетті инвестор барлық рәсімдер аяқталған соң анықталмақ. Ал 18 қазан күні Астанадан келетін мемлекеттік-жекеменшік серіктестік орталығының өкілдері осы мәселеге қызығушылық танытқандармен кездесіп, түсіндіру жұмысын жүргізетін болады.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Суретті түсірген О.Каткова

2016 жылдан бастап қолданыстағы заңнамаға сәйкес сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығын хабарлағандар немесе сыбайлас жемқорлық қылмысын әшкерлеруге көмектескендер 30-70 АЕК көлеміндегі бір реттік сыйақы ала алады. Жаңа Қылмыстық Кодексте көрсетілгендей, пара бергенін ерікті түрде мойындаған адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 Call-орталығына хабарлауға болады. Сондай-ақ жоспарланған және орын алған жемқорлық қылмысы туралы немесе осы мәселеге қатысты сұрақтармен 98-47-20 нөмірі арқылы облысымыздағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне хабарласуға болады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
108 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
328 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
814 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1191 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1109 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1551 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2166 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2334 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2340 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2390 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2393 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2026 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2875 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2928 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2925 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3534 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3504 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3492 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3471 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3632 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3678 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»