8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Қазан 2018 2669 0
Қоғам

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ҚОЛДАЙДЫ

 Батысқазақстандықтар Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын қолдайтындықтарын білдірді. Бүгін, 8 қазан облыс әкімі Алтай Көлгіновтың төрағалығымен өткен облыс активінде Президент Жолдауында көрсетілген тапсырмалар бойынша алдағы уақытта атқарылар міндеттер сараланып, Жолдауды халыққа түсіндіру және іске асыру жөніндегі қарар қабылданды.

Актив жиынына облыстық мәслихат депутаттары, қала, аудан әкімдері, мемлекеттік, құқық қорғау органдарының, кәсіпорын, ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары, ардагерлер, саяси партия өкілдері, білім, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері және жастар қатысты.

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы – бұған дейінгі іске асырылған стратегиялық құжаттардың заңды жалғасы және еліміздің, өңіріміздің дамуына тың серпін беретін Жолдау. Елбасы бұл Жолдауда Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есеге, яғни 28 мың теңгеден 42 мың теңгеге дейін өсіруді тапсырды. Бұл орайда облыс басшысы Алтай Көлгінов біздің өңірде экономиканың барлық саласы бойынша жұмыс жасайтын 60 мыңнан астам қызметкердің жалақысы орта есеппен 35 пайызға өсетінін айтты.  Учаскелік медицина қызметкерлері үшін де жағымды жаңалық бар. 1 100-ден астам дәрігер мен медбикелердің айлықтарына 20 пайыз қосымша қаражат қосылатын болды. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің 3800-ден астам тәрбиешілері мен қызметкерлерінің жалақысы өседі. Актив алдында баяндама жасаған Алтай Сейдірұлы Жолдауда айтылған әр бағыт бойынша өңірде атқарылар жұмыстармен бөлісті.

– Жолдауда отандық өнімді арттырып, экспортқа көңіл бөлу тапсырылды. Өңіріміз ауылшаруашылығына қолайлы облыс болғандықтан, ет экспорты бойынша жоспар артығымен орындалып келеді. Өткен жылы ет экспортынан республика бойынша барлық экспорттың 40 пайызын біздің өңір атқарды. Биылдың өзінде 1 300 тоннадан астам сиыр еті Ресей, Армения, Иран, Ауғанстан мемлекеттеріне шығарылды. Қой етін экспорттау бойынша жоспар 2,5 есеге артығымен орындалды. 500 тоннадан астам ет экспортталды. Мұнымен шектелмейміз. Себебі Жолдау қосымша мүмкіндіктер береді. Елбасының тапсырмасына сәйкес өңірдегі ирригациялық құрылымдар жүйесін жаңғырту жұмысы нәтижесінде жаңа мүмкіндіктер ашылды. Төрт ірі жоба жүзеге асырылып, суармалы жерлер 70 мың гектарға дейін кеңейді. Нәтижесінде мал шаруашылығымен айналысатын қожалықтар көбейе бастады. Шаруа қожалықтар саны 2017 жылғы көрсеткіш бойынша 5000 болған болса, 2018 жылы 6500-ден астам қожалық тіркелді. Тоқтап тұрған жобаларға инвестор тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. «Кроун Батыс» ЖШС жұмысын жандандыру мақсатында әлемдік нарықта орны бар шетелдік және отандық компаниялармен келісімге келді. Сонымен қатар өңірде тағы он мың бас бордақылау алаңы салынады. Игерілмеген жерлерді қайтару қарқынды жүруде. Бүгінгі күні 1 млн. га жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның жартысы іскер азаматтарға берілді, – деді Алтай Сейдірұлы.

Елбасы Жолдауында экспортқа бағытталған индустрияландыру мәселесі және халық тұтынатын тауарларды өндіруді кеңейту қажеттігі айтылды. Біздің өңірдегі «Орал трансформатор зауыты», «Жайық Агро», «Пош руно», «Квант»,  «Стеклосервис» және басқа да кәсіпорындар экспортқа жұмыс жасайды. Президент өңдеу өнеркәсібі үшін қосмымша 500 млрд. теңге бөлуді тапсырды. Өңірімізде 12 инвест бағдарлама орындалуда. Олардың жартысы шетелдіктермен, шетел қаржысымен жүзеге асырылып келеді. Бұған сондай-ақ шетелдік серіктестермен бірге тікелей инвестициялар қоры да жағдай жасайды. Бұл біздің бизнесмендер үшін нақты көмек. Әсіресе көлік-логистикалық орталығына маңызды рөл беріледі. Алтай Сейдірұлының айтуынша, Еуропа мен Азия торабында орналасқан біздің өңір үшін бұл аса маңызды. Өйткені көлік-логистика орталығы құрылысы бойынша нақты жоспар бар. Әрі бұл мақсаттағы жұмыс белсендіріледі.

Президент агроөнеркәсіп кешені мүмкіндігін толықтай жүзеге асыруға шақырды. Бүгінде облысымыздағы «Кублей», «Жайык Агро», «Батыс Нык», «Желаевский КХП» заманауи технологиялармен жұмыс жасауда. Халықаралық деңгейге шығуымыз үшін британдық «Данбиа» компаниясының инсвесторлары біздің өңірге инвестиция салуға дайын.

Елбасы Жолдауда «Мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керек» деп атап өтті. Қазір өңірдегі жеке балабақшалар саны 24-тен 52-ге дейін көбейген. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту – 100 пайызды құрап отыр.

– Мемлекет басшысының тапсырғаны ендігі кезекте балабақшалардың ішкі контентін байытуымыз қажет. Балабақшаларды бейнекамералармен жабдықтап, кез келген ата-ана смартфон арқылы өз баласының тобындағы жағдайды трансляция арқылы көре алатын мүмкіндігі болуы қажет. Яғни ата-аналар тарапынан қоғамдық бақылауды күшейтеміз, – деді өңір басшысы.

«Бизнестің жол картасы» бағдарламасы «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламаларымен бірге жалғастырылады. Бұл бизнестің тұрақты өсу көзін қалыптастыруға мүмкіндік ашады. Оған Президент атап өткен бизнесті қорғау шараларының ықпалы да әсер етпек. Президент атап өткендей, бюджет шығындары әлеуметтік, қауіпсіздік, инфрақұрылым бағыттарына жұмсалатын болады. Мәселен, біздің өңірде қауіпсіздік бойынша ІІД ЖБО іске қосылып, Астана тәжірибесі негізінде бейнекамералар орнатылуда, финдік BIM-технологиясы қолданысқа енбек. Инфрақұрылымдар бойынша жол салу жұмыстары жалғасады.

– Жол сапасын үнемі айтып келеміз. Қазір жыл сайын 500 шақырымға жуық жол жөнделуде. Республикалық маңызы бар жолдар Орал-Тасқала-РФ шекарасы биыл аяқталады. «Нұрлы жол» бағдарламасы қарқынды жүруде. Алдағы уақытта Орал-Орынбор тас жолы жасалады. Өңірге мамыр айында келген Президенттің сапары қорытындысы бойынша, шалғай аудандарға жол тарту тапсырмасына сәйкес қаражат бөлінді. Келесі жылы Бөкей Ордасы, Қазталов, Жәнібек аудандарына жол салу жұмысын бастайтын боламыз. Жолдауда өңірішілік жолдарға аса мән берілді. Сондықтан, қаладағы, аудандардағы жолдарды жөндеу қарқынын төмендетпейміз, – деді Алтай Көлгінов.

 

Сондай-ақ өңір басшысы денсаулық сақтау саласы бойынша медициналық қызметтер сапасын арттыруда Президент тапсырмасына сәйкес атқарылатын жұмыстарды мәлімдеп,  екі жыл ішінде 270 бірлік санавтокөлік пен медициналық жабдықтар, соның ішінде жекеменшік-серіктестік аясында МРТ алынғанын жеткізді. Алдағы уақытта аудандарға ангиограф, сәулелік үдеткіш, компьютерлік томографтар алынбақ.

Жолдаудағы басым бағыттың бірі – тұрмыс сапасын арттыру. Бірінші кезекте – сапалы және қолжетімді тұрғын үй. «7-20-25» бағдарламасы бойынша өңірде алғашқы 9 қабатты тұрғын үй қолданысқа берілген еді. Мемлекет басшысы бекіткен «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» бағдарламалары бойынша жұмыстар жасалуда. Облыс басшысының сөзінше, осы бағдарламалар бойынша және «7-20-25» бағдарламасымен биыл 3 мың пәтер беріледі. Сондай-ақ апатты үйлердің орнына салынған үйлердің қалған пәтерлері «7-20-25» бағдарламасымен ұсынылмақ.

– Елбасы Жолдауда ерекше атап өткен мәселенің бірі азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат қалыптастыру.  Кәсіби мемлекеттік аппарат әрбір қызметкердің кәсіби біліктілігі мен біліміне тікелей байланысты. Сондықтан қызметке қабылдау рәсімдерін жаңғыртудан бастап, іскерлік қасиетке аса мән берілуде. Келесі жылдан бастап өңіріміздегі 2,5 мың мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы өсетін болады. Біз мемлекеттік органдардың ашық болуын басшылыққа алып келеміз. Жылына 4 мәрте «ашық әкімдік» шарасы өткізіледі. Тұрғындармен тікелей байланысты нығайтатын бұл шара тұрақты түрде жалғаса береді. Қазірдің өзінде біздің өңірде тұрғындарға мемлекеттік қызмет түрлерінің 70 проценті электронды түрде көрсетіледі. 2019 жылы «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында көрсетілетін қызметтердің 80 пайызын электронды түрге көшіретін боламыз, – деді Алтай Сейдірұлы.

 

Президент атап өткендей, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жаппай қолдауға ие болды. Облыста биыл 300-ге жуық шара өткізілген. «Атамекен» ішкі бағдарламасы шеңберінде 2018 жылдың  қаңтар айынан бері меценаттар қаржысы есебінен 205 млн. теңге жұмсалып, 122 жоба жүзеге асырылды. «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы шеңберінде сапалы білім беру, үштілділікті дамыту, цифрлық сауаттылық басымдықтарды қамтамасыз етуге жағдай жасау бағытында облыстың 250 мектебі заманауи робототехника кабинеттерімен жасақталды және 15 IT-сыныбы жаңа оқу жылынан бастап жұмыс істеуде.

Өз жолдауында Елбасы келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынды. Бұл ұсынысты жастар қуана қабылдағаны анық. Осы ретте облыс басшысы жас отбасыларға арналған Ақжайық баспана бағдарламасын пысықтау, бизнес бастағысы келетін жастарға арнайы оқытулар, жеңілдікпен несие алу жағын қарастыру қажеттігін айтты.

Актив жиынының күн тәртібіне қойылған мәселе бойынша «Стройкомбинат» ЖШС басшысы Бақытжан Нұрбаев, «Медициналық орталық» ЖШС директоры Рафхат Естаев, №17 орта мектеп директоры Тамара Рудич, «Сәбит» шаруа қожалығының басшысы Ерболат Құрманғалиев, жас кәсіпкер Саян Баетовтар үн қосып, Елбасы Жолдауын толық қолдайтындықтарын білдірді.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
58 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
276 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
767 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1144 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1074 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1504 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2120 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2287 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2294 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2342 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2348 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
1989 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2828 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2884 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2877 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3487 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3459 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3445 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3423 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3587 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3633 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»