8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Қазан 2018 3162 0
Қоғам

«100 ЖАҢА ЕСІМ»

Батыс Қазақстан облысында Ұстаздар күніне орай өткен мерекелік шара Ақ Жайық өңіріндегі ұстаздардың 100 жаңа есімін дәріптеуге арналды. Ақылымен, дарынымен заманауи қазақстандық қоғамды қалыптастыруға үлес қосқан ұстаздарды ұлықтауға арналған салтанатты шара Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұлов, ардагер-ұстаздар, білім беру саласы қызметкерлері қатысты.

Мереке иелерін облыс әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұлов батысқазақстандықтар атынан құттықтап, білім беру саласын жаңа деңгейге көтеру мақсатында жасалып жатқан игі істерді атап өтті.

– Бүгінгі күннің ең басты жаңалығы – Елбасымыздың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауда Елбасы келер жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажеттігін тапсырды.  Мұның өз себептері бар. Бұл заңдағы негізгі қағида мұғалім тек өзінің міндеті – сабақ берумен ғана айналысатын болады. Жылдың басынан бері өткен жиындарда мұғалім мәртебесін көтеру жайы жиі айтылып келді. Елбасымыз бұған көңіл бөліп, Жолдауында ерекше атап өтті. Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесін тарату да назарда болады. Бұл Батыс Қазақстан облысында қарқынды жүзеге асырылуда.   Баланың білім алуы – мектепке дейінгі ұйымда қоршаған ортаны тануынан басталады. Сондықтан мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру қажет. Елбасы бұл мәселеге де басымдық берді.Білім сапасын көтеруде көптеген жұмыстар атқарылуда. Өткен жылдан бері облысымызда бірнеше мектеп қолданысқа берілді. Биылдың өзінде үш жаңа мектеп тапсырылды. Жуырда Орал қаласы Сарытау шағынауданындағы мектеп құрылысы аяқталады.  Мектептердің материалдық-техникалық базаларын нығайтылуда. Бұлардың барлығы – өскелең ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында атқарылып жатқан игі істер, – деді Ғабидолла Оспанқұлов.

Салтанатты жиында 2018 жылы өткізілген «Үздік педагог» республикалық байқауының жеңімпаздарына құрмет көрсетілді.  «Үздік падегог» атанған Тасқала ауданы С.Жақсығұлов атындағы орта мектептің география және биология пәндерінің мұғалімі Николай Вологин, Ақжайық ауданы «Балбөбек» бөбекжайының әдіскері Светлана Сиражева, Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің арнайы пәндер  оқытушысы Әсел Ғалиасқароваға 2 млн. 400 мың теңгелік сертификаттары табысталды. Дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 облыстық мектебінің бастауыш сынып мұғалімі   Наталья Тыщенко, Шыңғырлау ауданы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Мансия Сакиева Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төсбелгiсiмен, Ақжайық ауданы Абай атындағы мектеп гимназиясының география пәні мұғалімі Қымбат Қуанышқалиева, Қазталов ауданы К.Меңдалиев атындағы орта мектептің математика және физика пәндерінің мұғалімі Гүлбаршын Молдашева Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің «Бiлiм беру iсiнiң құрметтi қызметкерi» төсбелгiсiмен марапатталды. Сонымен қатар Ақжайық өңіріндегі кәсіби шеберлігімен ерекшеленген 100 ұстаз қошеметпен сахна төріне шақырылып, облыс әкімінің Алғыс хаты мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Жаңақала мектеп-гимназиясының мұғалімі Гүлжан Боранбаева облыстық білім басқармасы мен «Ақжайық» телеарнасы бірлесе ұйымдастырған «Үздік ұстаз» онлайн байқауының жеңімпазы атанды.

 Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Елді мекен тұрғындары баспанамен қамтылуда
17 Мамыр 2024
167 0
Қалалықтар қаперіне
Жедел-профилактикалық іс-шара өтуде
15 Мамыр 2024
363 0
Мәдениет
БҚАТУ-дың студенттік театры бар
15 Мамыр 2024
362 0
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
817 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
886 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
904 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
925 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
946 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
1316 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
1440 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
1471 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1746 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1758 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1886 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
2178 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
2278 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»