Электр желілері жаңаруда
Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 2016-2020 жылдарға арналған қолданыстағы активтерді жаңғырту мен қолдау бойынша инвестициялық бағдарлама жасақтаған болатын. Ағымдағы жылы бағдарлама шеңберінде «Батыс Қазақстан ЭЖТК» АҚ-ына 89930,9 мың теңге қаражат бөлінген. Департамент өкілдері қаржының мақсатты игерілуін қадағалау бойынша электр желілерін таратушы мекеменің нысандарына тексеру жүргізіп, «Электр желілерін қайта құрылымдау және жаңғырту» тақырыбында баспасөз турын өткізді.

БҚО бойынша Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау және тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы Нұрбол Ислямовтың айтуынша, «Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ қалалық филиалы аталмыш қаржыны игеру бағытында жоспарлы жұмыстар атқарған.
Қазіргі таңда Орал қаласындағы №113 ТП-нің 0,4 кВ-ӘЖ-н қайта құрылымдау (Суров, Сенная, Мұхит, Фрунзе, Киров көшелері) жұмыстары аяқталуға таяу. Бұл мақсатқа 13419,14 мың теңге қарастырылған. Қолданыстағы желілер моральдық және физикалық жағынан әбден тозығы жеткен. 45 дана т/б тіректер және 2,55 шақырым СИП4*50 сымын ауыстыру жұмыстарының бүгінде бірқатары аяқталып, бөлінген қаржының әзірге 35 пайызы игерілген. – Қаланың бұл бөлігі электр желілерін таратуда проблема тудыратын. Сондықтан желілерді қайта жаңарту бойынша шешім қабылданды. Аталмыш аудандар орталық базар маңы болғандықтан, қозғалыс көп, сол себепті жұмыстар кешкі сағат бестен кейін жасалады, – дейді департаменттің әуе желілері қызметі басшысының міндетін атқарушы Михайл Гуськов.
Біз келесі аялдаған «Омега» зауыты ауданындағы «Омега» 110/35/10 кВ ҚС-ын қайта құрылымдау жұмыстары 100 пайызға толықтай тәмамдалған. Департаменттің бас инженері Валерий Диминтевскийдің айтуынша, 35 кВ майлы ажыратқыш вакуумды ажыратқышқа ауыстыру жұмыстарына 13 618 мың теңге жұмсалған. 12 қосалқы стансаның 8-і ауыстырылған.
Ал Деркөл ауылындағы «Деркөл яч.13» ҚС 10 кВ-ӘЖ-н қайта құрылымдау жұмыстарына 18 651 мың теңге бағытталған. Қазіргі таңда ұзындығы 4,2 шақырымды құрайтын 93 дана ескірген тіректерді ауыстыру жұмыстары жасалуда екен. Аталға жұмыстарға жауапты «Азия-Луч» мердігерлік компаниясының жұмысшылары дамылсыз еңбек етуде. Қазір жұмыстардың 35 пайызы ғана аяқталған. Бұл желілер 4000-ге тарта тұрғынға жарық таратады.
Сондай-ақ «Ет комбинаты» ауданында 2,034 шақырымды құрайтын сымды 31442 мың теңгеге ауыстыру жоспарланған.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді

Кіру
Пікір үстеу