СЕРЕБРЯКОВТА ЖАҢА МЕШІТ
Круглоозерный кенті Серебряков ауылының тұрғындары бұдан бұлай Алланың қасиетті үйіне мінәжат етуге қалаға сабылмайтын болды. Өйткені жеке кәсіпкер, «Қайрат» шаруа қожалығының басшысы Жұмабай Әйтуев тұрғындардың сұранысы бойынша ел игілігі үшін ауылдың дәл іргесінен 150 орындық жаңа мешіт тұрғызды. Халықты имандылыққа, ізгілікке шақыратын берекелі шаңырақтың ашылу салтанатына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз қатысып, жамағаттың жағымды жаңалығын бірге бөлісті.

– Құрметті жамағат! Алла тағала қасиетті құранда «Алланың ризалығы үшін мешітті бірінші Алла тағалаға күмәнсіз иман келтірген пенделер, қиямет күніне сөзсіз сенген жандар, намазын, құлшылығын орындап, несібесі мен ырыздығына береке тілегендер салады» дейді. Олай болса сол Пайғамбар үмметінің үлкен сауапты амалының бірін бүгін халық болып, сіздердің қолдауларыңызбен, шынайы тілектеріңізбен Жұмабай Ісқабылұлы жүзеге асырып отыр. Бұл да болса, еліміздің бірлігі мен ынтымағының нәтижесінде жасалуда. Мешіт баршамызды имандылыққа, ұрпағымызды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелейтін ізгіліктің ордасы болады. Өз сапарымда мешіттің ашылуына куә болғаным үшін, сіздермен жүздескенім үшін шүкірлік айтамын. Ақ Жайық жеріне Алланың нұры жаусын. Көнекөз қарияларымыз аман болсын. Атасын, анасын сыйлайтын, обал мен сауапты білетін ұрпақ өсіп-өнсін. Мешіт жамағатқа толсын. Осындай садақа жасаған азаматтарымыз көп болсын, – деген бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының атынан мешіттің имамына қасиетті құранды аманат ретінде табыстап, құран жаппайтын қари болуға шақырды. Белгілі сазгер, өнер қайреткері Жәкен Омаров имандылыққа шақыратын термелер шырқап, жұртшылықты ұйытты.
Бұдан соң көпшілік ғибадат үйіне еніп, иман сәулесін шашқан орданың ішкі келбетін тамашалады. Алдағы уақытта мешіт ел-жұртқа тек ізгілікті насихаттап, діннің тағылымын асқақтата түсетін болады.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Бәдиша БЕРІКҚАЛИЕВА, ауыл тұрғыны:
– Мешітті тұрғызған азаматқа зор алғысымды білдіремін. Болашақта киелі орын жастарға рухани-тәрбие беріп, дәстүрлі дінімізді насихаттайтынына сеніміміз мол. Мешіттің ашылуын асыға күттік. Өйткені қала орталығындағы мешіттерге жету аздап қиындық тудыратын. Енді міне, халықтың қалауы орындалып, Алланың жердегі үйі ауылымыздан ашылды.
Соңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу