Археологиялық зерттеулер нәтижелі
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде жүзеге асырылып жатқан тарихи-археологиялық жәдігерлерді зерттеп, танып білу мақсатындағы бірлескен жұмыстар барысын талқылау шеңберінде университет пен Шыңғырлау ауданы әкімдігі екіжақты меморандумға қол қойды.

Ағымдағы жылы маусым айында М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры, б.ғ.к., қауымдастырылған профессор Н.Серғалиевтің тікелей қолдауымен университеттің «Тарих» мамандығының 1 курс студенттері, т.ғ.к. М.Қалменовтың жетекшілігімен Шыңғырлау ауданына қарасты Сегізсай «Лебедевка» кешенінде археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізген.

Бұдан бұрын 1970 жылдардың екінші жартысы мен 1980 жылдардың басында Б.Железчиков пен В.Кригердің жетекшілігімен А.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институты (М.Өтемісов атындағы БҚМУ) археологиялық экспедициясы осы ауданда ірі масштабты қазба жұмыстарын жүзеге асырған. Жиында М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры, б.ғ.к., қауымдастырылған профессор Н.Серғалиев Батыс Қазақстан аумағы Еуразия құрлығының тарихи-мәдени құндылықтары жағынан маңызды орын алатынын атап өтті. Орал таулары мен Каспий, Арал теңіздері арасында орналасқан аймақ Еуропа мен Азия көпірі бола тұра ежелгі заманнан бері көптеген халықтар мен тайпалардың миграциялық жолы болған. Бүгінгі таңда археологтардың жаңа зерттеулері нәтижесінде көптеген халықтар мен тайпалардың миграциялық жолы болған. Бүгінгі таңда археологтардың жаңа зерттеулері нәтижесінде көптеген ежелгі мәдениет ескерткіштерінің табылуы бұл жерде бағзы замандарда халықтар мекендегеніне бұлтартпас дәлел болып отыр. Шыңғырлау ауданының әкімі Альберт Есалиевтың айтуынша, ауданның Қаратөбе ауданымен шектескен аумағында бірнеше шақырымға созылған Есен-Амантау үстіртінде көптеген мыңжылдықтар бойына көшпелілер тұрғызған жүздеген үйік-обалар – орасан зор ежелгі зерттеу ескерткіштері сақталған. Жалпы Сегізсай үйік-обалары археологтар назарына ХХ ғасырдың 60 жылдарының аяғында өлкетанушы Г.Багриковтың әуесқойлық қазба жұмысы кезеңінде б.з.д. 1 мыңжылдықтың басына жататын көшпелі ақсүйектердің бай жерлеу дәстүрін ашуымен түскен. Елбасының «Болашаққа бағдар – Рухани жаңғыру» бағдарламасынан кейін университеттің тікелей қолдауымен зерттеу жұмыстары қайта қолға алынған. Өйткені 2017 жылдың аяғында аудан орталығынан тарихи-өлкетану музейі ашылған. Музейді жәдігерлермен толықтыру мақсатында толыққанды зерттеу жұмыстары бірлескен түрде жалғасын табатын болады.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді

Кіру
Пікір үстеу