МАЙДАНГЕРЛЕР ЕСІМІН КЕСТЕЛЕДІ
Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі «Кестелі орамал» акциясын ұйымдастырды. Мектеп мұғалімдері, оқушылары мен олардың ата-аналары өздерінің аталары мен әжелері – соғыс және тыл ардагерлерінің есімдерін кестелеп жазды.

Акцияға қатысушылардың арасында ағайынды Әли мен Мерей Есенгелдиндер де бар. Олардың арғы аталары Байшыған Бектұрлиев қазақтардың арасында Сусаниннің ерлігін қайталаған жалғыз адам болып тарихта қалған.
– 1944 жылдың көктемі жаудың беті қайтып жатса да, Герман армиясының шпиондық орталықтары кеңес тылында арандату жұмыстарын жүргізіп отырды. Сондай оқиғалардың бірінде Жылыой ауданына түсірілген жау десанты жол көрсету үшін жылқы фермасының басқарушысы Байшыған Бектұрлиевті күштеп алып кетеді. Ол қанша азапқа түссе де, сабыры мен бағыт-бағдарын жоғалтпай, жау отрядын жергілікті органдардың қолына түсіреді. Біздің атамыз Кострома облысындағы И.Сусанин музейінде «елу үшінші Сусанин» болып тіркелген, – дейді Оралдағы Зияткерлік мектептің 12-сынып оқушысы Әли Есенгелдин.
Сонымен қатар қазір барлық Зияткерлік мектепте «Отан үшін от кешкен батырдың біз ұрпағымыз!» мерейтойлық марафоны басталды. Патриоттық жоба аясында оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар өз отбасыларының тарихын майданнан келген хаттар мен альбомдар, сонымен қатар соғыс мен тыл ардагерлерінің естеліктері арқылы ұсынуда.

Соңғы жаңалықтар
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі

Кіру
Пікір үстеу