Аталар ерлігі ұмытылмайды
Ат ауыздығымен су ішіп, ер етігімен су кешкен заманда жауға қарсы шығып елін, жерін қорғаған айбарлы да, айбынды, ержүрек, қаһарман батырларымыз қаншама десеңізші!.. Осындай батыр болмысты, қайсар рухты биік тұлғалардың қатарына қайын атам Төлеуғали Әбиевті қоссам артық болмас деген ойдамын. Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесіне орай Ұлы Отан соғысының ардагері атамның және осы соғысқа аттанған ағайындарының болмыс-бітімін, азаматтық кескінін қағазға түсіруді жөн санадым.

Атам Төлеуғали Әбиев ел басына төнген қатерден қаймықпай 1941 жылы қан майданға аттанған. Бүкіл еліміз үшін мазасыз сол бір кезеңде атамыз да батырлығымен көзге түскен. Оның айғағы – I дәрежелі «Отан соғысы» ордені, «Жапон соғысындағы ерлігі үшін» медалі, бейбіт заманда алған «Тың жерлерді игергені үшін», «Кеңес Одағы қарулы күштеріне – 60 жыл» медальдары. Бұл әрине, ерліктің сырын шертетін даңқты белгілер.
Ұлы Отан соғысының басынан соңынан дейін, кейін Фин соғысына қатысып, даңқты жауынгер болып, 1946 жылы ерлікпен елге аман-есен оралған. Соғыстан кейінгі елдің бейнеті мол, зейнеті аз тірлігіне белшеден бата жүріп, 38 жыл есепші болып қызмет атқарды. Атамның бүкіл ел бағалап отырған ғұламалығын айтып жату артық болар. Атамыздың сұрапыл жылдардың әрбір сәтін шежіредей әңгімелеп отыратынын енем үнемі айтатын.

Айгүл ӘБІЛХАЙЫРОВА
Мақаланың толық нұсқасын «Жайық үні» газетінің 7 мамыр күнгі №17 санынан оқи аласыздар.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі

Кіру
Пікір үстеу