8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Қыркүйек 2018 2597 0
Қоғам

«ЗАЙЫРЛЫ ҚОҒАМ: ҚҰҚЫҚ ПЕН ДІННІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ»

Бүгін, 27 қыркүйек күні Орал қаласында «Зайырлы қоғам: құқық пен діннің өзара байланысы» тақырыбында халықаралық форум өтті.

Радикализмге қарсы күрестің құқықтық және психологиялық аспектілерін қарастыру, діни қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын және дін саласындағы құқықтық реттеудің маңыздылығын арттыруға бағытталған форум жұмысына облыс әкімі А.Көлгінов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі С.Ораз, көршілес елдер мен отандық дін мамандары, теологтар, дін саласындағы ақпараттық түсіндіру топтарының мүшелері, құқық қорғау органдары қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, дінтану пәні мұғалімдері қатысты.

Форумның пленарлық мәжілісін ашқан облыс әкімі Алтай Көлгінов форум тақырыбы қоғамдағы өзекті мәселені талқылаудың және пікір алмасудың шынайы қажеттілігінен туындап отырғанын айтты.

– Бүгінгі таңда біз мәдени, рухани, ақпараттық, саяси, философиялық құндылықтардың белсенді өзгеріп жатқан кезеңінде өмір сүрудеміз. Уақыттың талабына сай жас мемлекет ретінде біз сол өзгерістер мен үрдістерге уақытылы жауап қатып, мемлекетіміз бен тәуелсіздігімізге кереғар дүниелерге дер кезінде зейін қоюымыз заңды. Ол үшін құқықтық талаптағы бағыт-бағдарымызды қайтадан қарауымыз қажет. Сондықтан бүгінгі форум барысында зайырлы қоғам, ондағы дін мен құқықтың өзара байланысы, дін саласындағы заңнаманы жетілдіру тетіктерін жан-жақты талқыға салып пікір алмасуымыз керек. Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстанда әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізу туралы бастамасы тұрақтылық пен бейбітшілік үшін жаһандық, дінаралық, өркениеттік диалогты дамытуда маңызды қадам болды. Дін саласындағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында облыстағы діни бірлестіктермен тұрақты байланыс жұмысы жүргізілуде. Діни ахуалдың нашарлауына әсер ететін факторлар анықталып, құзырлы органдар кешенді жұмыстарды атқарып келеді. Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында «Ұлттық жаңғыру – ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Оның екі қыры бар. Біріншіден, ұлттық сана-сезім көкжиегін кеңейту. Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту» деп ұлттық ой-сананы замануи дін талаптарына сай кемелдендіруді атап көрсетті. Бүгінгі шараның басты мақсаты – дін саласындағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету, зайырлылық қағидаттарын алға тарту, кертартпа идологияға, діни экстремизмге қарсы нөлдік төзімділікті қалыптастыру, тұрақты конфессияаралық қатынасты нығайту. Осы сала бойынша қоғамдық маңызы бар бастамалар мен ұсыныстар мемлекеттің зайырлылық принциптерін нығайта отырып, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға жаңа серпін береді деген сенімдемін, – деді Алтай Сейдірұлы.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі Серікбай қажы Ораз зайырлылық ұғымын дұрыс түсіну қажеттігі турасында баяндама жасаса, Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің Дінтану сараптамасы және діни білім беру ұйымдарымен байланыс басқармасының басшысы Мейрам Иманбаев қоғамда зайырлылық қағидатын нығайтудың өзектілігіне басымдық берді. Сондай-ақ пленарлық жиында Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының халықаралық қатынастары бөлімінің басшысы Мухаммад-Акмалхан Шакиров Өзбекстан үлгісінде дін саласын құқықтық реттеу мәселелерін ортаға салды. Башқұртстан Республикасы Уфа қаласынан келген Ресей ислам университетінің проректоры Мурсаль Ахметов ресейлік «Интелектуальный путь» жастар қоғамдық бірлестігі дінді дамыту ғылыми зерттеу институтымен бірге Ақмолла атындағы Башқұртстан мемлекеттік педагогикалық университетінде «Байланыстың тиімді, кәсіби негізі» бойынша білікілікті арттыру курсын жүргізетінін айтып, шешендікті арттыру үшін қазақстандық дін мамандарының біліктіліктерін арттыруға 20 квота ұсынатынын жеткізді. Сондай-ақ имамдар үшін Уфа, Орынбор қалаларында біліктілікті арттыруға болатынын айтты. Ол үшін имамдардың бару-келуінен бөлек бар шығынды көрші мемлекет өз мойнына алмақ. Ал Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының аға оқытушысы, республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының психолог сарапшысы Лола Шакимова терроршылардың психологиялық ерекшеліктері туралы баяндады. Лола Сергеевна айтып өткендей, бес жыл ішінде елімізде 14 лаңкестік оқиға болған. 90 адам көз жұмып, 50-дей адам жарақаттанған. 144 құқық қорғау қызметкері міндеттерін атқару кезінде ерлікпен қаза болған. Бүгінде еліміздегі түрмелерде эстремизм мен тероризм бабы бойынша бас бостандығынан айырылған 450-ден астам сотталушы отыр. Олардың ең жасы 17-де болса, үлкені – 48 жаста. Отандық психологтар олардың мотивациялық бағыттарын зерттей келе, бес түрлі психологиялық ерекшелікке топтастырған. Біріншісі – оқшауланғандар, екіншісі – агрессияшылдар, үшінші санатқа – бас бостандығынан айыру орындарында болғандар жатқызылса, төртінші топ – жалдамалылар, бесіншісі – кездейсоқ адамдар тобы. Бұл топтағылар – жастар, әйелдер. Өкінштісі сол, бүгінде жат ағымның идеологиясын таратқаны үшін 13 әйел қамау орындарында отыр. Сондай-ақ Лола Шакимова түрмедегілердің 85 пайызы діни сауатсыздықтың салдарынынан ғаламтор арқылы арбалғанын айтты.

Бұдан басқа М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректорының кеңесшісі, тарих ғылымдарының докторы, прфессор Тұяқбай Рысбековтың, М.П.Драгоманов атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің құдайтану және дінтану кафедрасының доценті, философия ғылымдарының кандидаты Денис Брилевтің, «Нұр-Мүбарак» Қазақстан-Мысыр ислам мәдениеті университетінің проректоры Қайрат Құрманбаевтың, «Нұр-Мүбарак» Қазақстан-Мысыр ислам мәдениеті университетінің профессоры Қайрат Затовтың тақырыптық баяндамалары тыңдалды.

Форум жұмысы «Радикализмге қарсы күрестің құқықтық және психологиялық аспектілері», «Дін саласындағы құқықтық реттеудің маңыздылығы», «Зайырлы мемлекеттегі діни қызметкерлердің құқықтық сауаттылығы» тақырыптарындағы секциялық отырыстармен жалғасты.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
83 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
299 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
787 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1163 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1087 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1524 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2139 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2306 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2313 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2363 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2366 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2004 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2848 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2901 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2898 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3506 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3477 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3465 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3444 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3605 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3651 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»