8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Қыркүйек 2018 2381 0
Қоғам

ҮЕҰ-ДАР ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСКЕ БЕЛСЕНЕ АРАЛАСУЫ ҚАЖЕТ

Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту  – сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетудің бірден бір жолы. Бұл мәселе  облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен облысымыздағы «Болашақ» корпоративтік қоры ұйымдастырған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршаға ортақ міндет» тақырыбындағы дөңгелек үстелде айтылды. 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталған Жолдауында Қазақстанның мемлекеттілігін нығайту жолындағы стратегиялық маңызды мәселелерді айқындап, қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге, жаңғыртуға бағытталған бес негізгі басымдылықты белгілеп берді. Президенттің Жолдауында белгіленген бес негізгі басымдылық еліміздің дамуының барлық салаларын қамтиды, соның ішінде заңның үстемдігін қамтамасыз етуге арналған. Бұл құжатта маңыздылығы жөнінен айрықша көтерілген мәселе – сыбайлас жемқорлықпен күрес. Дөңгелек үстел отырысын ашқан облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева Елбасы Жолдауында айтылған заңның үстемдігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары күн тәртібінен түспейтінін атап өтті. Бұл жиынға мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.

ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Дәурен Ақмұрзин ҮЕҰ саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бағытында қабылданған шаралар туралы баяндады. Айтуынша, ағымдағы жылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында өңірімізде үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе төрт әлеуметтік жоба іске асырылуда. Облыстық ішкі саясат басқармасының жұмыс жоспары бойынша мемлекеттік тапсырыс аясында облыстағы сыбайлас жемқорлық көріністері туралы қоғамның пікірін анықтау мақсатында әлеуметтік зерттеу жүргізілуде. М.Өтемісов атындағы БҚМУ қолға алған зерттеу нәтижесі қазан айында белгілі болмақ. «Азаматтық бақылау» жобасы аясында қоғамдық қабылдаулар өткізіліп, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын, әдеп кодексін сақтау туралы кеңестер берілуде. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында 130-дай мақала, 21 телесюжет, ғаламторда 58 материал шығып, облыс аумағында 79 бильборд ілінген.

ЦИФРЛАНДЫРУ – ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЯДЫ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы Біржан Хайруллин жемқорлықпен күресті тек уәкілетті орган ғана емес, барлық мемлекеттік органдар, меншік нысанына қарамастан квазимемлекеттік сектор ұйымдары қатысуы керектігін атап айтты. Оның сөзінше, жемқорлықты алдын алуда цифрландыруды енгізудің  көмегі мол.

– Қазіргі уақытта көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі электронды түрде қолжетімді. Тіптен халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ қолымыздағы смартфон не болмаса үйдегі дербес компьютер, ноутбук арқылы мемлекеттік қызметті алуға болады. Бұл жерде ең бірінші жойылатын жемқорлық тәуекелі – тікелей қатынастың болмауы. Кез келген жағдайда мемлекеттік орган өкілі мен қызмет алушы арасында байланыс болса, жемқорлық тәуекелі туындайды. Себебі құжатты әкеліп тапсырғанда қабылдаушы маман: «Сіздің мына құжатыңыз қате, өзгертіп әкеліңіз» десе, қызмет алушы оны дұрыс түсінбей, «бірдеңе сұрап тұр» деп топшылауы мүмкін. Осылайша, қоғамның өзі мемлекеттік орган өкілдерін жемқорлыққа итермелейді. Қызмет көрсетуші құжаттарды қабылдауда заң талабы мен регламенттегі стандартта жазылуы бойынша ғана сұрайтынын басты назарда ұстау қажет. Ал электронды цифрлы қолтаңба қолдану арқылы электронды түрде қызмет алу осындай жемқорлық тәуекелдерін жояды. Бұл жағдайда жеке және заңды тұлғалар жемқорлықтың жолын кесіп қана қоймай, ақшаларын да үнемдейді, – деді Біржан Марданұлы.

СЫБАЙЛАСТЫҚ СЫЙЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

Жемқорлық деңгейін төмендетуге жол ашқан екінші жағдай – көптеген зерттеулер мен үкіметтік емес ұйымдардың ұсынысы бойынша мемлекеттік сатып алу жүйесінің цифрландырылуы. Бұрын мемлекеттік сатып алуға қатысушы әлеуетті өндірушілер конкурсқа жіберілмесе, оған қайтадан мүмкіндік берілмейтін. Қазір оларға өз қателіктерін реттеуіне екі күндік мұрсат беріледі. Осы ретте департаменттің бөлім басшысы Біржан Хайруллин мемлекеттік органдардың жүзеге асырып отырған жұмыстарындағы кемшіліктерді сырттан көретін ұйым ретінде қандай бағытты ұстанған үкіметтік емес ұйым болмасын департаментпен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларына белсене араласуы қажеттігін жеткізді.

– Үкіметтік емес ұйымдардың бірі – экология, бірі – бизнес, бірі – балалар бағытында жұмыс жасайды. Мәселен, балалармен жұмыс жасайтын ұйымның мақсаты балалар құқығын қорғау болғандықтан, мектептерде болуы мүмкін заңсыз ақша жинауды жоюға көмектесуі керек. Өйткені мемлекет білім беру ұйымдарында ақша жинауға заңмен шектеу қойды. Алайда, ата-аналар бұл жайтты ескере бермейді. «Мұғалімдер күні келе жатыр» деп балаларының ұстаздарына құрметтерін білдірмек болған ата-аналар ақша жинап, сыйлық беруді заңсыз деп санамайды. Бірақ, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдарында, Азаматтық Кодексте мемлекеттік қызметкерлермен қатар бюджет саласы қызметкерлеріне қызмет атқару кезінде сыйлық алуға тыйым салынған. Егер адам заңсыз сыйлық беріп, оның әрекеттерінде қылмыс ізі болса, оған сот шешімімен 200 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Ал сыйлық алған басшы немесе қызметкер 600 АЕК айыппұл төлеуге мәжбүр болады. Үкіметтік емес ұйым жемқорлық тәуекелін бірлесе шешуге жәрдем жасауы керек. Өйткені біздің мемлекеттің саясаты – адамды жауапқа тартып, бас бостандығынан айыру емес, жемқорлық тәуекелін жою, – дейді департамент өкілі.

САНАНЫ ӨЗГЕРТУ МАҢЫЗДЫ

Біржан Марданұлы әр мемлекеттік органдарда, квазимемлекеттік секторларда сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ішкі талдау жүргізілуі қажеттігін айтты. Мәселен, мектепке қабылдауда оқушылардан артық құжаттар немесе файл, қағаз секілді заттарды сұрату – жемқорлықтың көрінісі. Сырттай қарапайым көрінгенімен, бұл да назар аударарлық. Сол секілді халықтың көпшілігі жол сақшыларына пара беріп, өтіп кеткенді жөн көреді. Алайда, осы әдіспен шаруаларын жеңіл шешкен жүргізушілер құқық қорғаушының жемқорлыққа қарсы иммунитетін төмендететінін ойланбайтыны да рас. Сондықтан әр азамат жемқорлықтан өздерін қашық ұстап, жемқорлықтың кез келген көрінісіне қарсы тұруы қажет. Бұл ретте агенттіктің бастауымен биылдан бастап «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы енгізілуде. Ол үшін агенттіктің өңірлердегі департаменттері әлеуметтік желілерде аккаунттарын ашқан. Азаматтар «Facebook»,  «В контакте» желілеріндегі anticorruption zko парақшасы арқылы, whatsApp, Telegram желілері арқылы  ұсыныс-өтініштерін білдіре алады. Парақшаға түскен кез келген құқықбұзушылық бойынша департамент мамандары тиісті органдарға хабар беріп, шешу жолдарын қарастыруда.

Бұдан соң Біржан Хайруллин мектеп бағыты бойынша жүзеге асып жатқан «Адал ұрпақ», инвестициялық ахуалды жақсарту және бизнесті жүзеге асырудағы кездесуі мүмкін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жолын кесуге бағытталған «Protecting Business and Investments», ақпараттық-насихат, түсіндіру мақсатындағы «Үгіт» жобалары туралы баяндады.

«Азаматтық Альянс бірлестігі» Батыс Қазақстан облыстық бөлімшесінің төрайымы Айгүл Түркина сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету үшін халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру қажеттігін алға тартса, әлеуметтік жоба аясында қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ауқымды іс-шараларды қолға алған «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлбаршын Мұштанова ақпараттық флаерлар, жалынды сөздер жазылған плакаттардың халықтың санасын өзгертуде маңызы зор екенін жеткізді.

Атап өту керек, 2015-2017 жылдармен салыстырғанда елдегі сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» деңгейі 56-60 пайыздан 85-96  пайызға көтерілген. Қылмыстар 500-дей фактіге азайған.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
88 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
303 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
792 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1166 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1091 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1528 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2143 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2311 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2318 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2367 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2371 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2008 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2853 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2905 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2903 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3511 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3482 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3470 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3448 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3610 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3656 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»