БҚО-ДАҒЫ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР 50 ШАҚТЫ АДАММЕН БАЙЛАНЫСТА БОЛҒАН
Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің Aqjaiyq телеарнасындағы баспасөз орталығында өткен брифингінде БҚО тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев коронавирус жұқтырған қос науқастың жағдайы туралы мәлімдеді.

29 наурыз күні БҚО-да коронавиустың алғашқы жағдайлары тіркелді. Олардың бірі 24 наурыз күні Ресей Федерациясынан Тасқала ауданындағы шекара бекеті арқылы өтіп, Ақсай қаласына барған. 28 наурыз күні денсаулығына байланысты жедел жәрдем қызметіне жүгініп, Бәйтерек ауданындағы провизорлық стационарға жатқызылған. Екінші азаматша 27 наурыз күні Атыраудан келген. 28 наурызда денсаулық жағдайына шағым айтып, 1406 call-орталығына, 103 қызметіне хабарласқан және «Кумыска» шипажайындағы провизорлық стационарға өз көлігімен келген.
– ҚР мемлекеттік бас санитарының қаулысы бойынша шекара жабылмастан бұрын елден шығып кеткен азаматтардың қайта кіруіне рұқсат беріледі. Ресейден келген 1967 жылғы азаматша шекарадан өту кезінде санитарлық-карантиндік бақылау пунктіндегі барлық рәсімдерден өткен және үй жағдайында оқшауланған. Ауру белгілері елге келгеннен кейінгі төртінші күні байқалған, – деді Нұрлыбек Мұстаев.
Алынған сынамалар нәтижесі олардың коронавирус инфекциясын жұқтырғанын растаған. 29 наурыз күні қос пациент облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Қазір жағдайлары қалыпты, тиісті ем алуда.
Эпидемиологиялық тексеріс барысында олармен 10 адамның тікелей қарым-қатынаста болғаны анықталған. Қазір бәрі де провизорлық стационарға орналастырылып, медициналық бақылау жүргізілуде. Сондай-ақ қандай-да байланыста болған 43 адам үй жағдайында оқшаулануда. Олардың қатарында сол азаматтар тұрған үй подъезінің тұрғындары да бар.
– Мекенжайлары бойынша дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді және тұрғын үйге шектеу шаралары белгіленді. Сырттан азық-түлік, дәрі-дәрмек немесе басқа да қажетті заттарды алу үшін ол үйлерден тек бір ғана адам қорғану құралымен шыға алады немесе ол заттарды тапсырыспен үйге алдырта алады, – деді Нұрлыбек Ермекұлы.
Нұрлыбек Мұстаевтың айтуынша, өңірдегі медициналық мекемелерде вирусқа қарсы емдеу препараттары жеткілікті.
Жалпы облыс бойынша бүгінгі күнге 92 адам стационарларға жатқызылған. Олардың екеуі жұқпалы аурулар ауруханасында. 45 адам – «Кумыска» провизорлық госпиталында, тоғызы – Бәйтерек ауданындағы провизорлық госпитальда. Сондай-ақ 36 адам «Ивушка» карантиндік стационарында. 614 адам үй жағдайында оқшауланып отыр. Барлығы медициналық бақылауда.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу