ОРАЛДА ЖАППАЙ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты жергілікті атқарушы органдар тарапынан қабылданған іс-шаралар туралы брифингте Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков шаһарды жаппай дезинфекциялау басталғанын жеткізді.

Қазіргі таңда барлық коммуналдық қызмет жүйелері күшейтілген режимде жұмыс жасауда. Қаламызда 376 аялдама павильоны бар. «Жайық таза қала» ЖШС күн сайын қаладағы аялдамаларды дезинфекциялау жұмысын жүргізуде. Күнделікті желіге шығатын 400-ге жуық қоғамдық көлікте әр айналым сайын дезинфекциялық жұмыстар атқарылуда. Жолаушылар ағымының азаюына байланысты автобустар саны қысқартылды.
Сонымен қатар пәтер иелері кооперативтері мен жеке меншік тұрғын үйлердің подъездері, қалалық көпшілік орындарда санитарлық тазарту жұмысы жасалуда.
– Коронавирустың алдын алу шараларының басты міндеті – жан-жақты зарарсыздандыру. Бүгінде жаппай дезинфекция жұмыстары басталды. Дезинфекциялық жұмыстарды жүргізу үшін қалалық төтенше жағдай резервінен қажетті қаржы бөлініп, антисептик, маска, қорғану киімдері алынды. Қала көшелері, тротуарлар, қалалық мәдениет және демалыс саябағында дезинфекция жүргізілді. Сондай-ақ 598 көп пәтерлі тұрғын үйде дезинфекция жұмыстары атқарылуда, – деді Абат Абайұлы.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу