8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Қыркүйек 2018 3419 0
Қоғам

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

Сейсенбі, қыркүйектің 11-і күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектеновтың төрағалығымен білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жиын өтті. Іс-шараға білім және ғылым вице-министрі Асхат Айтмағамбетов, білім және ғылым министрлігінің өкілдері қатысты. Жиынды Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов, өңіріміздегі барлық облыстық және қалалық білім басқармаларының басшылары, мектеп директорлары мен мектеп қамқоршылық кеңестердің белсенді өкілдері  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюросының БҚО департаментінде  бейнеконференц байланыс арқылы тыңдады.

          

Қамқоршылық кеңестерінің есебі ашық болуы керек

        Агенттік төрағасының орынбасары білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған ағымдағы жұмыс туралы әңгімеледі, сондай-ақ білім беру ұйымдарында кез-келген алым-салымға жол бермеу туралы ескертті.

–  Біз ата-аналар білім беру ұйымдарындағы жөндеу немесе іс-шараларды өткізу жұмыстарына қандай да бір шығындар жасауға міндетті емес деп ойлаймыз және мұндай фактілерді жемқорлық ретінде қарастырамыз, өйткені осы мақсаттар үшін бюджеттен жеткілікті қаражат бөлінеді, – деген Олжас Бектенов білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестерінің ағымдағы қызметі туралы егжей-тегжейлі баяндап, ерікті жарналар мәжбүрлі сипат алу фактілерінің алдын алу қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ Олжас Бектенов бүгінгі күні мемлекеттік аппарат қоғаммен қарым-қатынастарды ашық және есеп берушілік қағидаттарында қалыптастыруда екенін атап өтті. Қазақстанда «Ашық үкімет» порталы жұмыс атқарады, онда кез келген адам онлайн режимде мемлекеттік органдардың кең көлемді дерекқорына, соның ішінде бюджеттік есептілікке қол жеткізе алады. Бұл бюджет қаражатын жұмсауға қоғамдық бақылау арқылы белсенді азаматтық позициялардың дамуына ықпал етеді. Мектептер мен балабақшаларда алым-салым мәселесін шешу үшін Олжас Бектенов толық қаржы есебін міндетті түрде жариялауды ұсынды, өйткені бұл қаржы ресурстарын дұрыс пайдаланбау және сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерін жүзеге асыру мүмкіндігін жоққа шығарады.

– Білім беру мекемелерінде қамқоршылық кеңестерінің есептері ресми түрде ашылуға тиіс, ол қайырымдылық көмектің ашықтығын қамтамасыз етеді. Уәкілетті орган осы мәселені бақылауға және шот ашуға  мониторинг жүргізуі тиіс, – дейді ол.

Сонымен қатар, спикер білім беру ұйымдарының бюджеті туралы ақпарат мектептердің, балабақшалардың, білім беру бөлімдерінің веб-сайттарына кез-келген адам үшін түсінікті, қолжетімді нысанда орналастыру керек екенін атап өтті. Оның айтуынша, тек қана осындай жолмен – қоғамның айқындығы мен бақылау арқылы «тұрмыстық жемқорлықты» жоюға болады.

                          Ақша жинаудан бас тарту  Кодексте тіркеледі

          Кездесу барысында республика бойынша мектептерде заңсыз ақша жинау, сонымен қатар «Астана – адалдық алаңы» жобасының осы бағытта жүргізген жұмысының қорытындылары туралы білім беру жүйесіндегі проблемалық мәселелері қарастырылды.

Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға, сондай-ақ, елорданың мемлекеттік мекемелерінде азаматтарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған «Астана – адалдық алаңы» жоба кеңсесі №54 мектеп-лицейін жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізген.

Мектептің қаржылық қызметінің ішкі аудитінің қорытындысы бойынша бюджет қаражатын үнемдеу 60 млн. теңгені құрап, оның ішінде 10 млн. теңге қызметкерлерге үстемақы және  материалдық-техникалық базаны нығайтуға 50 млн. теңге бөлінген. Жаңа стандарттар бойынша бес жаңа кабинет: «GardenHub» көпфункционалды кабинет, коворкинг алаңы, жаңа мұғалімдер бөлмесі, студенттер үшін рекреациялық аймақ, «Intellectum» бөлмесі және «STEM» зертханасы ашылған.

Елордалық білім беру басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин «Астана – адалдық алаңы» жоба кеңсесімен бірлесіп Астана қаласының білім беру ұйымдарында қаржы жинау мәселелерін жою үшін «НЕТ_ПОБОРАМ» акциясын іске қосқанын атап өтті. Бүгінгі таңда ата-аналар үшін инфографика әзірленген, ол сондай-ақ білім беру ұйымдарының барлық басшыларына жіберіледі. Аптаның соңына дейін бұл инфографика ұйымдардың ресми интернет-ресурстарына, сондай-ақ оқу орнының кіреберісінде орналастырылады. Биылғы жылы мектептер үшін Ата-ана кодексі әзірленді, қазіргі уақытта бұл Кодекс іске асырылуда.

Жоба кеңсесі Астана қаласының Білім басқармасымен бірлесе отырып, оқу орындарының басшыларының жеке жауапкершілігін арттыру туралы құжат әзірлеген. Жаңа құжат заңдылық, ашықтық, қолжетімділік және кәсіптік қызметтің жариялылығы принциптерін сақтау үшін бірінші басшылардың жауапкершілігін анықтауды білдіреді. Бағыныштылар үшін заңсыз әрекеттерде жеке жауапкершілік анықталады. Оқушылар мен ата-аналардан қаражат жинауды ұйымдастыруға қатаң тыйым салынады, құжат – бюджеттен бөлінген қаржы ресурстарын ұтымды, ашық және заңды іске асыру үшін жауапкершілікті күшейтуді міндеттейді.

Оқушыларды ақылы тестілеу заңсыз

– Білім беру жүйесіндегі проблемалық мәселелердің бірі – мектеп оқушылары арасында ақылы тестілеу өткізу фактілері. Мәселен, Алматы облысында білім бөлімдерінің нұсқауы бойынша оқушыларды тестілеу тұрақты түрде өткізіліп тұрған. Мұндай тестілеудің бағасы әрбір оқушыдан 300-ден 500 теңгеге дейінгі қаражатты құраған. ҚР Білім және ғылым министрлігіне мектептердің қабырғасында ақылы тестілеудің «мәжбүрлі» жүргізілу фактілерін болдырмау бойынша шаралар қабылдау ұсынылды. «Агенттіктің жұмысы адалдық принциптерін нығайтуға, білім беру жүйесінде «адал ортаны» құруға бағытталған, – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сондай-ақ кездесу барысында білім саласындағы сыбайлас жемқорлық себептерінің бірі болып табылатын осы сала қызметкерлерінің еңбекақысы төмен деңгейде болу мәселесі қозғалды. Сонымен бірге, Агенттік мұғалімдерге төленетін еңбекақының көтерілуі әрқашан қосымша қаражат бөлуін талап етпейтінін атап өтті. Мысалы Астана қаласының балалар үйінің оң тәжірибесі келтірілді, онда басшылықтың принциптік позициясы және жұмысты дұрыс ұйымдастыру жағдайды түбегейлі жақсартуға мүмкіндік берген. Балалар үйінің директоры Динара Закиеваның айтуынша, басқару тиімділігінің артуы, процестерді оңтайландыру есебінен 90 млн. теңгеге жуық сомадағы бюджет қаражатының үнемделуі қамтамасыз етілген. Бұл жұмысшылардың жалақысын 3-4 есеге көтеруге мүмкіндік берген. Бұрын 30 мың теңге алып отырған жұмысшы, бүгінде 120 мың теңге алады. Балалалар үйінің материалдық-техникалық базасы елеулі жақсарған. Және мұның бәріне бюджеттен қосымша қаражат бөлінуін талап етпей, экономия есебінен қол жеткізілген.

Естеріңізге сала кетейік, Агенттікте 1424 Call-орталығы жұмыс жасайды, онда азаматтар шағымдар мен ұсыныстарымен, оның ішінде сыбайлас жемқорлық деректері бойынша хабарласа алады.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 Болат Исақов, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы:

– Сапалы білім беру ­– еліміздің болашағымен тікелей байланысты. Сол себепті білім беру саласындағы жемқорлық агенттік тарапынан қатаң қадағалауды талап етеді. Статистикаға сүйенсек, орталық және өңірлік деңгейде бұл мәселе өзекті. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов осы орайда білім ұяларында цифрлық технологияны, автоматтандыруды енгізу маңыздылығына тоқталды. Көптеген мәселелер жүйелі шешілуде. Қамқоршылық кеңестерінің есептері ресми түрде ашылуға тиіс, ол қайырымдылық көмектің ашықтығын қамтамасыз етпек. Бұл жерде ерікті түрде жарналар жиналады. Тәжірибе көрсеткендей, мәжбүрлеп жарна жинау фактілері де тіркелді. Бұл бағытта ұсыныстар енгізіліп, нақты жұмыстар жасалды. Мектеп басшылары жуыстан қуылып, әкімшілік хаттамалар толтырылды. Заң аясында, ата-аналар ғаламтор арқылы ақшаның қай бағытқа жұмсалып жатқанын бақылай алады. Біздің өңірімізде Жәнібек ауданында бұрын сыбайлас жемқорлыққа жол берген тұлғаны мектеп директорлығына тағайындау фактісі анықталды. Әкімшілік хаттама толтырылды, директоры қызметінен қуылды.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
82 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
298 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
786 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1162 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1087 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1522 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2138 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2305 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2311 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2361 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2365 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2004 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2846 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2899 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2896 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3505 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3475 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3464 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3442 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3603 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3650 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»