ОРАЛ «ҚАЛА КҮНІН» АТАП ӨТУДЕ
Ақжайық атырабындағы Орал шаһарында бүгін «Қала күні» мерекесіне арналған кең ауқымды шаралар өтуде. Шаһар тойына арналған мерекелік қызықтарды қала тұрғындарымен қатар көршілес облыстардан және Ресей Федерациясынан келген құрметті меймандар қызықтауда.

Тарихы сонау Алтын Орда кезеңінен бастау алатын шаһар – бүгінде 330 мыңдай тұрғынның құтты қонысы. Күн санап қала аумағы ұлғайып келеді. Соңғы жылдары қалада бірнеше тұрғын үйлер, мәдени-әлеуметтік нысандар, спорт кешендері бой көтерді. Айтулы мерекеге арналған шаралар 3 қыркүйектен бастап өткізілуде. Отандық кинотуындылар апталығы, «Жайық сазы» дәстүрлі өнер фестивалі, «Орал-опера» классикалық музыка кеші, Қадыр Мырза Әлі орталығы амфитеатрында өткен «Сәлем, Астана» атты мерекелік концерт, «Жайық Аруы -2018» байқауы, Орал қаласы әкімінің кубогыне арналған КВН фестивалі, Д.Нұрпейісова бойындағы қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі – соның айқын дәлелі. Қолөнер шеберелернің жәрмеңкесі бүгін де жалғасуда. Ісмерлер арбат бойында шеберлік сағаттарын өткізіп, өнімдерін жасаудың қыр-сырларымен бөлісті. Орал қаласы білім беру бөліміне қарасты қосымша білім беру орталықтары, мектептер арбат бойын әдемі гүлдер алаңына айналдырды. Орталыққа жиналған табиғи және жасанды гүлдерден жасалған композицияларды тамашалап, қолөнершілердің өнімдерімен танысты.
Кітапханашылар да арбат бойында «Оқитын Орал» акциясын ұйымдастырып, кітаптар таратты. Сондай-ақ жастар мен балалар үшін армреслинг, шахмат, дойбы, асық сынды спорттық ойындардан жарыс, «STREET WORKOUT» көрсетілімдері ұйымдастырылды.

Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу