90 пәтерлі тұрғын үй иелерін тапты
Қала күні мерекесі қарсаңында Зашаған кентінде «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы аясында 90 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғындарының қуанышын өңірімізге арнайы жұмыс сапарымен келген «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары «Нұр Отан» партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев пен облыс әкімі Алтай Көлгінов бірге бөлісіп, қоныс иелеріне пәтер кілтін табыстады
Өңірімізде тұрғын үй құрылысы қарқынды жүруде. Жыл басынан бері 250 мың шаршы метрден аса баспана пайдалануға берілді. Жыл аяғына дейін 415,7 мың шаршы метр, оның ішінде «7-20-25» бағдарламасымен 46 мың шаршы метр баспана салынады деп жоспарлануда.



– Баспананы кез келген отбасы үшін болашаққа салынған инвестиция десек те, артық емес. Осылайша Елбасы барша қазақстандықтардың үйлі болуына даңғыл жол ашып, ипотекалық несиелердің қолжетімділігін қамтамасыз етіп отыр. Осы сапар нәтижесінде бес бастаманың Шығыс Қазақстан облысында табысты жүзеге асырылып жатқанына куә болдық. Алдағы уақытта да партия бұл жұмыстарды бақылауды жалғастыра береді. Пәтер иелерін баспаналы болуларымен, ал барша оралдықтарды қала күні мерекесімен құттықтаймын – деді партия Төрағасының Бірінші орынбасары.
«7-20-25» бағдарламасының жүзеге асыруға жауапты екінші деңгейлі банк өкілдерінің айтуынша, Батыс Қазақстан облысы бойынша 55 өтініш келіп түскен. Айта кетсек, Орал қаласында баспана алу кезегінде 19 мың тұрғын кезекте тұр.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу