8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Қыркүйек 2018 2397 0
Қалалықтар қаперіне

90 пәтерлі тұрғын үй иелерін тапты

Қала күні мерекесі қарсаңында Зашаған кентінде «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы аясында 90 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғындарының қуанышын өңірімізге арнайы жұмыс сапарымен келген «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары «Нұр Отан» партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев пен облыс әкімі Алтай Көлгінов  бірге бөлісіп, қоныс иелеріне пәтер кілтін табыстады

Өңірімізде тұрғын үй құрылысы қарқынды жүруде. Жыл басынан бері 250 мың шаршы метрден аса баспана пайдалануға берілді. Жыл аяғына дейін 415,7 мың шаршы метр, оның ішінде «7-20-25» бағдарламасымен 46 мың шаршы метр баспана салынады деп жоспарлануда.



– Баспананы кез келген отбасы үшін болашаққа салынған инвестиция десек те, артық емес. Осылайша Елбасы барша қазақстандықтардың үйлі болуына даңғыл жол ашып, ипотекалық несиелердің қолжетімділігін қамтамасыз етіп отыр. Осы сапар нәтижесінде бес бастаманың Шығыс Қазақстан облысында табысты жүзеге асырылып жатқанына куә болдық. Алдағы уақытта да партия бұл жұмыстарды бақылауды жалғастыра береді. Пәтер иелерін баспаналы болуларымен, ал барша оралдықтарды қала күні мерекесімен құттықтаймын – деді партия Төрағасының Бірінші орынбасары.

«7-20-25» бағдарламасының жүзеге асыруға жауапты екінші деңгейлі банк өкілдерінің айтуынша, Батыс Қазақстан облысы бойынша 55 өтініш келіп түскен. Айта  кетсек, Орал қаласында баспана алу кезегінде 19 мың тұрғын кезекте тұр.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
133 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
120 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
346 0
Өңір жаңалықтары
Хан тоғайындағы өрт оқшауланды
28 Шілде 2026
175 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»