ОРАЛДЫҚ СТУДЕНТТЕР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТҚА ҮН ҚОСУДА
ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Шабдар Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.

Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар жүйелі жүргізілуде. Колледж директоры Светлана Бахишеваның айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар құқықтық сауаттылықты арттыру және сақтау, жемқорлықтың формалары мен оларды болдырмау туралы білім деңгейін көтеруге бағытталған. Бұл мақсатта ең алдымен «Академиялық адалдық саясаты», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт», «Ішкі тәртіп ережелері» нормативтік құжаттар әзірленіп бекітілген. «Қызметкерлермен жасалатын еңбек шарттары» және «Студенттерге білім беру қызметін көрсету шарттарына» сыбайлас жемқорлық туралы нұсқаулықтар бар.
Колледж pedcollege.kz сайтының «Жаһанша – адалдық алаңы» бөлімінде мемлекеттік қызметтің, кадрлық саясаттың және қаржылық-сауаттылық қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ақпараттар орналастырылған. 40-тан астам студент «Адалдық алаңының» мүшесі. Олардың әрқайсысы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік қалыптастыруға үн қосатындарын айтады.
Емтихан кезінде «Таза сессия» акциясы ұйымдастырылып, студенттерге анонимді сауалнамалар жүргізіледі. Емтихандар толықтай электронды форматқа көшірілген. Оған пән оқытушыларынан басқа бақылаушылар қатысып, оқытушы тарапынан көмек беру мүмкіндігіне жол берілмейді.
Сондай-ақ колледжде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің ұсынысы бойынша адалдыққа, тәртіптілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу мақсатында «Адалдық алаңы» дүңгіршегі жұмыс жасайды. Онда студенттер өздеріне қажетті кеңселік тауарларды сатып алып, ақшасын арнайы жәшікке салады. «Бір терезе» қағидаты бойынша студенттерге қызмет көрсету шағын орталығы жұмыс жасайды және барлық оқу кезеңінде академиялық сұрақтар бойынша кеңестер беріледі.
Жастар ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың үлгісін қалыптастыру және жаңа формациядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыстың жас өкілдерін дайындау мақсатында «Парасаттылық мектебі» ашылмақ. Қазіргі таңда 50-ден астам белсенді студент дәріс тыңдауға ниет білдіріп отыр. Аталған мектепте тренингтер, семинарлар, іскерлік ойындар, практикалық сабақтар жоспарлануда. Курсты аяқтаған соң, белсенді студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты колледжде және одан тыс жерлерде қолданатын болады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу