8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Қараша 2019 1696 0
Өзек

ЖЫЛЫЖАЙДА МАРИХУАНА ӨСІРГЕН ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ ҰСТАЛДЫ

БҚО Полиция департаментінің есірткіге қарсы күрес басқармасы қызметкерлері  жедел-іздестіру шаралары кезінде үй жағдайында марихуана өсіру үшін жылыжай ұйымдастырған 32 жасар Орал қаласының тұрғынын ұстады.

  

Орал қаласындағы көпқабатты үйлердің жертөлесінен конопляның 17 бұтағы мен 3 полиэтилен пакетке салынған жасыл-сұр түсті, спецификалық иісі бар  өсімдік тектес зат табылған. Аталған факті бойынша Қылмыстық Кодекстің 300-бабы 1 тармағы (өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді өсіру) және осы кодекстің 296-бабы 2-тармағымен (өткізу мақсатынсыз есірткі заттармен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

         БҚО Полиция Департаментің есірткіге қарсы күрес басқармасы бастығы, полиция майоры Әлішер Сарының сөзінше, жыл басынан бері полиция қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымына қатысты 180 құқықбұзушылықты анықтаған. Оның 57-сі қылмыс. Нақтырақ айтқанда, аса ірі көлемдегі есірткі заттарын сақтауға қатысты – 15 факті, есірткі заттарын қолдану үшін притон ұстау және ұйымдастыруға байланысты – 2 факті, есірткі контрабандасы бойынша – 9 факті, есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді өсірудің 18 фактісі анықталған.

Заңсыз айналымнан 81 келі есірткі және психотропты заттар алынған. Олардың 81 келі 531 гр. – марихуана, 10,66гр. – героин, 20,62391 гр. – апиын,   57,3921 гр – экстракциялы апиын және 100 гр.-нан жоғарысы синтетикалық есірткі.

Оқиға орнынан шам, жәшіктер мен басқа да дәйекті заттар алынған.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
18 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
72 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
47 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
267 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»