8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Тамыз 2018 2358 0
Жалын

6 248 оқушы 1 сыныпқа барады

Жаңа 2018-2019 оқу жылында Орал қаласы мектептерінде 47 217 оқушы білім алады деп күтілуде. Мектепалды даярлық топтарына 4 240, 1 сыныпқа 6 248 баланың ата-анасы өтініш берген.

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, биыл қалада 50 күндізгі жалпы орта білім беретін мектеп жұмыс жасайды. Олардың 23-і мемлекеттік тілде, 14-і орыс тілінде, 13-і екі тілде оқытады. Сондай-ақ 50 мемлекеттік, 36 жеке балабақша, 10 қосымша білім беру ұйымдары, 1 өндірістік-оқу комбинаты, 1 кешкі (ауысымды) орта білім беретін мектеп жұмыс істейді.

Оқушылар саны өткен жылғыдан 4 240 балаға артық болмақ. 1 сыныпқа қабылданатын балалар да 1 000 балаға артып отыр. Жалпы бала санының артуы кейбір мектептерде орын және мамандардың тапшылығына себеп болуда.

Ағымдағы жылы екі білім беру нысанына күрделі жөндеуден өтті. №19 жалпы орта білім беретін мектебі үшін облыстық бюджеттен 200 473 мың теңге жұмсалса, жергілікті бюджеттен бөлінген 170 159 мың теңгеге №24 «Солнышко» мектепке дейінгі ұйымы күрделі жөнделді. Қалған мектептердің барлығы ағымдағы жөндеуден өткен. Қазір №21, 22, 25, 45 мектептерінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамалар жасақталуда. Жылыту маусымына дайындық қызу. Қазіргі уақытта білім саласы нысандарының 99 пайызы әзірлік паспорттарын алған.

Өткен оқу жылында апатты жағдайдағы №4 мектептің орнына жобалық қуаты 300 орындық жаңа мектеп, Деркөл кентінде 600 орындық №48  және 600 орындық №49 мектептер пайдалануға берілген болатын. Соның нәтижесінде №12 мектептегі үш ауысымда оқыту  жойылды. Дегенмен, қалада әлі 5 мектеп үш ауысымда жұмыс жасайды. Олар – Зашаған кенті аумағындағы №10, 20, 47, Меловые горки ауылындағы №18 және қала орталығындағы эстетикалық бағыттағы гимназия.  Зачаганск кентіндегі «Сарытау» шағын ауданында 900 орындық мектептің құрылысы аяқталуға таяу. Нысан қолданысқа берілісімен осы аудандағы мектептерден 800-дей оқушы осы білім ұясына көшірілмек. Биыл сегіз мектепке 2 300 оқушы тасымалмен оқиды. Ол үшін 20 автобус шығарылуда.

Мектеп оқушыларының, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің және қызметкерлердің қауіпсіздігі үшін барлық білім беру нысандарына бейнебақылау камералары, «Мүлдем төзбеушілік» аумағындағы бес мектепке турникеттер қойылған. Оқулықтар қалаға толығымен жеткізіліп, мектептерге таратылуда.

–  948 585 мың теңгеге 794 265 дана оқулық алынды. Олар жаңартылған білім мазмұны бағдарламасына көшетін 3,6,8 сыныптар үшін және оқушылар контингентінің артуына байланысты 1, 2, 9, және 11 сыныптың оқулықтары. Ағылшын тілінде оқытуға көшуге байланысты көптілділік бойынша 3000 дана оқулық алынды.  Кезекті оқу жылында 1-4 сынып оқушылар мен аз қамтылған отбасы балаларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін 401,1 млн., аз қамтылған отбасы балаларына киім мен оқу құралдарын алуға 42 717 мың теңге бөлінді, – дейді қалалық білім беру бөлімі басшысының орынбасары Жанна Сахыпкереева.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
77 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
257 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
297 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
574 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
586 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
712 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1014 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1106 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1133 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1345 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1615 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1840 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1880 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
2026 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2225 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»