ӨНЕРДІҢ АРДАҚТЫ АНАСЫ
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Айман Қуатова 80 жаста. Мәдениет майталманының мерейтойына орай Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония және өнер ұжымдарының ұйымдастыруымен «Өнермен өрілген өмір» атты кеш өтті. Шарада облыс әкімі атынан орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов құттықтап, шәкірттері ізгі ілтипаттарын көрсетті.

Құрманғазының ұстазы Ұзақ күйшінің немересі Айман Қуатова Сырым ауданының тумасы. Ақтөбе мәдени-ағарту училещесінде қазақ мемлекеттік академиялық театр ұжымының актері Шәкен Кәкімановтың класында оқып, театр ұжымының режиссері мамандығын меңгерген. Облыстық халық шығармашылығы және мәдени демалыс қызметін ұйымдастыру орталығында, Ғ.Құрманғалиев атындағы филармониясында режиссер, Дәулеткерей атындағы мәдениет және өнер институтында ұстаз болды. Республикалық, облыстық газет-журналдарда, телеарнада да еңбек іздері бар.
Айман Сисенғалиқызының облысымыздағы көптеген халық шығармашылығының, режиссурасының, мәдени көпшілік шаралардың ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілуіне үлесі зор. Бүгін 80-ге келген ол облыс өнерінің анасындай. «Дарынды шәкірт ұстаз мерейі» дегендей, бүгінде шәкірттерінің бірқатары ұстаздарынан алған тәлімді жолымен республикалық, халықаралық деңгейде қазақ өнерін асқақтатып келеді. Кеш барысында өнерге қанатын қақтырған ұл-қыздары ән сәлемдерін, лебіздерін жолдап, кеш иесінің құшағын гүл шоқтарына толтырды, сүйікті әндерін орындады.
– Бұл кеш ұстаз бен шәкірт арасындағы махаббатқа толы кеш болды деп санаймын. Ауылда дүниеге келген Айман апамыз еңбекте өнер жолын таңдап, ұзақ жылдар бойы мәдениет пен өнердің дамуына еңбек сіңірді. Зейнетке шықса да осы саладан қол үзбеді. Оған қоса ұстаздық етіп, шәкірт тәрбиеледі. Осы киелі де үлкен өнер жолына қанша талантты ұл-қызды әкелгенін бүгін көріп отырмыз. Барлығы да ұстаздарына құрметтерін көрсетуде. Айман Сисенғалиқызының осындай өмір жолы жастарымызға өнеге болсын. Ұрпақтары өнерімізді шарықтата берсін, – деген тілекпен Ғабидолла Абдоллаұлы облыс әкімінің құттықтау хаты мен арнайы тартуын кеш иесіне табыстап, «Жайық айтысына – 60 жыл» төсбелгісін кеудесіне тақты.



Қошеметке бөленген мерейтой иесі шара соңында кешті ұйымдастырғандарға шынайы алғысын жеткізді.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу