8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Қаңтар 2018 4709 0
Қоғам

Көрермені көп команда!

Қазіргі жастар арасында жайдарман және КТА (көңілді тапқырлар алаңы) ойындары жедел дамып келеді. Алты алашқа өңірдің атын шығарып жүрген «Назар аудар» командасының орны ерекше. Бірнеше мәрте республикалық додаларда топ жарып үлгерген жерлестеріміз ұлттық арнадан көрсетілген КТА ойынында бас жүлдені иеленіп, 2017 жылдың қорытындысында облыс қоржынын тағы да толтырды. Еске салсақ, «Назар аудар» бүған дейін, яғни 2013 жылы «Жайдарман» ойынында да чемпион атанған еді. Команданы кезекті жеңістерімен құттықтай барып, алдағы жоспарлары мен шығармашылық жұмыстары туралы біліп қайттық.

Жігіттер, 2017 жыл өздеріңіз үшін табысты жыл болды. Жүлделеріңіз құтты болсын. Алдағы жоспарларыңыз қандай? Сіздерді енді қандай жобалардан көре аламыз?

Азамат: Рахмет. Алдағы жұмысымыз осы бағытта жалғасатын болады. Жоспар көп. Бірақ, оның барлығын жариялап, кейін орындалмай қалса, өзімізге сын болар. Көрермендерімізді қуантар ең басты жаңалығымыз – Наурыз айынан бастап еліміздің қалаларын гастрольмен аралап шығуды ойластырып отырмыз. Қазіргі уақытта дайындықты бастадық. Ал қандай жобаларда жүретінімізді уақыт көрсетеді.

Расын айту керек, Орал қаласынан республикалық деңгейге жарқырап шыққан өздеріңіз. Топты құру туралы идея қалай келді. Ойыншылар қалай жиналды?

Самат: 2010 жылдары эфирде қазақша КВН ойындары жүріп жатты. Бірақ, солардың арасында Оралдан жоғарғы лигаға шыққан бірде-бір команда болмады. Ол уақытта біз әр команданың көшбасшылары едік. Барлығымыз бірігіп, Оралдың атынан жоғарғы лигада өнер көрсету үшін бір команда болып шығуды шештік. Сол кезде барлығымыз бір ауыздан «Бірде бір адам топтан шықпайды және топқа жаңадан адам қабылданбайды» деп шешім қабылдадық. Шүкір, 7 жылдан бері сол құрамды сақтап келеміз.

Асланбек: Құрылған уақытта бірінші кезекте команданың атын ойластыру қажет болды. «Назар аудар» деп атауды топ құрамындағы Марс Жайлауов ұсынған болатын.

Азамат: «Назар аудар» үш КВН командасынан құралған. Алғашында үлкен сахнаға шығу үшін ұзақ дайындық жүргіздік. Бір-бірімізге үйренісіп, сезіну үшін ауылдық жерлерге барып өнер көрсеттік. Ол кезде табыс табу үшін емес, өз өнерімізді бөлісіп, Оралда да жайдарманшылар бар екенін ел-жұрт білсе деген мақсат болды.

– Негізгі қызметтеріңіз қандай? Нендей салада жұмыс жасайсыздар?

Ғазиз: Біріміз тойға шықсақ, екіншісінің жеке кәсібі бар. Командадағылардың ешқайсысы тұрақты жұмыс жасамайды. Шығармашылықты дамыту үшін еркіндік керек. Барлығымыз жұмыс басты болсақ өнерді тастап кеткен болар едік.

Ақболат: Қазір телеарналарда «Q-елі» скетч-комедиясы жүріп жатыр. Тағы сол сияқты әр түрлі шоу-бағдарламалар, телесериалдар бар. Соларға сценарий жазып жүрген біздің жігіттер. Актер ретінде де ойнап жүр. Сондай-ақ эстрадада жүрген бірқатар әншілердің бейнебаяндарына сценарий дайындап береді. Осылайша, әрқайсысы өз табыстарын тауып жүр.

Елді түгел шарлап, концерт беру біраз шығынды талап етпей ме. Осы орайда сұраудың реті келіп тұр – демеушілеріңіз бар ма, жоқ па? Болса, олар кімдер?

Самат: Демеуші іздеуден үмітімізді үзгенбіз. Сахнаға алғаш шыққан кездерімізде Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университетінің басшылығы ғана қолтығымыздан демеген еді. Ақболат, Ғазиз, Марс, Мәди бесеуміз сол оқу орнында оқыдық. Оқуымызды аяқтағаннан кейін де БҚИТУ басшысы көмектесіп тұрды. Әрине, оларға көмек сұрап барсақ, әлі де қолдайтынына сенеміз. Ал қазіргі қолдаушымыз – ата-анамыз, отбасымыз (әзіл). Ең бастысы – халық қолдап, рухани дем беріп отырады.

Гастрольге келетін болсақ, бұл бірінші мәрте жоспарланып отырған сапар емес. Бұған дейін де екі-үш мәрте елді аралап шықтық. Гастроль ұйымдастыру жұмыстарына қанша шығын шығатыны бізге анық. Алдын ала есептеп, шамамен жоспарымызды құрып қойдық.

Сіздер үшін әзілді кім жазады? Сценарый қалай туады? Неге сүйенесіздер?

Асланбек: Өзіміз жазып, өзіміз ойнаймыз. Сырттан келіп, бізге сценарий ұсынатын белгілі бір авторымыз жоқ. Сахнада әрі кетсе 5-10 минут қана уақыт беріледі. Осындай аз уақыттың ішінде мәні бар әңгіме айтып, көрерменді күлкіге қарқ қылу оңай емес. Ол үшін үлкен еңбек, талант қажет.

Азамат: Топта жеті адам бар. Барлығы сценарий жаза алады. Бас қосқан кезде өмірде болып жатқан оқиғаларды айтып, соны сол күйі әзіл ретінде жеткізуге тырысамыз. Сондықтан біздің әзілдеріміз өтімдірек деп ойлаймыз. Сахнадағы әр әзілімізді музыкамен әрлеп отыратын – Дәулет Теміржанов. Ол да командамыздың бір мүшесі.

Дайындық кезінде келіспеушілік, бір-біріңізді ренжіту болып қалады ма?

Азамат: Әрине болып тұрады. Топтағылардың әрқайсысының пікірі маңызды. Ауыр сөз айтудан аулақпыз. Бір-бірімізді тыңдап, ортақ қорытынды шығаруға тырысамыз. Өйткені барлығымыз да команданың игілігі үшін жүрміз.

Әзілдеріңіздің басым бөлігі отбасылық өмір туралы. Кейде бір сарынды қайталаулар болып қалатынын мойындайтын шығарсыздар. Бұл орайда КТА ойындары кезінде қазылар алқасының мүшесі болған Ләйла Сұлтанқызы сыни пікір айтқанын естігем.

Ғазиз: Ол уақытта Ләйла апай отбасылық әзілдерге емес, «Құдалар стрелкасына» қатысты «екі-үш мәрте қайталанды, ол халықты тартпайды» деген еді. Дегенмен, әркімнің өз пікірі бар. Шынын айтқанда, көрермендеріміз отбасылық әзілдерді өздері сұрайды. «Алдыңғы көрсеткен әзілдің жалғасы бола ма» дегендей күтіп отырады. Басқа әзілдерді ұсынған уақытта да «неге отбасылық әзілдеріңіз жоқ» дейтін көрермендеріміз де бар.

Танымалдылық адамға көп мүмкіндік береді. Жауапкершілігі де ауыр. Сіздер бұл мүмкіндікті қалай пайдаланасыздар? Сіздер үшін танымал болудың пайдасы қандай?

Ғазиз: Танымалдылықтан бұрын өнердің пайдасын айтқан жөн шығар. Өнерде жүріп көп достар таптық. Қазақстанның қай түкпіріне барсақ та, құшақ жая қарсы алатын достар бар. Біз өзімізді данышпан, ақылды санамаймыз. Дегенмен, кейінгі толқын бізді өздеріне үлгі санап, жақсылыққа ұмтылып, дұрысын бойларына сіңіріп жатса, оларға оң ықпалымызды тигізе алсақ, соның өзі үлкен пайда. Осы өнерде жүргендегі негізгі мақсатымыз – халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, қоғамда болып жатқан жағдайларды, әлеуметтік мәселелерді әзіл арқылы қозғап, жастарды ойландыру, жаман әдеттен жирендіріп, жақсылыққа баулу.

Азамат: Танымалдылықтың пайдасы көп деп айтудың өзі қиын. Қуаныш пен қайғының қатар жүретініндей, өкінішке орай, көре алмай аяқтан шалатындар көп.

– Финалдық ойынға талай сыннан өткен мықты командалар қатысты. Қазылар алқасы неліктен сіздерді таңдады? Басқа командалардан ерекшеліктеріңіз қандай еді?

Ақболат: Біздің әзілге деген талғамымыздың артықшылығында деп есептеймін. Барлығының да жеңіс үшін мүмкіндіктері бірдей болды. Кейбір топтардың арасында алдарына жан салдырмайтын импровизаторлар бареді. Бірақ та топтық ойынға келгенде ақсап жатты. Біздің ұтқан тұсымыз – көрерменге керек тақырыпты қозғай білгеніміз.

– КВН ойнап жүргендердің көпшілігі қазір бір-бір театр құрып кетті. Сіздерде мұндай ой бар ма?

Азамат: Театр деген аты болмаса да, затымыз бар. «Театр» деген атқа лайықты еңбек және ұжым болу керек. Театр құрып, кейін жоқ болып кеткендері қаншама?! Ал біз жәй атымызды шығару үшін ауыр жүкті белімізге байлағымыз келмейді. Әзірге бізді қаржылай қолдайтындар да табылмай тұр.

– Жоспарларыңызды айтып, неге құзырлы органдардан көмек сұрамадыңыздар?

Ақболат: Осыдан бірнеше жыл бұрын баратын жердің барылығына бардық. Әрине, ол кезде басшылықта басқа адамдар болды. Өнерімізді түсінбеген шығар, бәлкім. Ал қазір барлығы оң бағытқа өзгеріп келеді. Өнер мен шығармашылықты дамытуға назар аударылуда. Егер қазір театр ашуларыңызға көмектесіп, соңына дейін қолдаймыз десе, ойланып көруге болады.

– Облыс аумағында өтіп жатқан шараларға шақырылып тұрасыздар ма?

Ақболат: Әрине шақырады. Бірақ кім тегін жұмыс жасағысы келеді дейсіз?! (күлді) Ірі-ірі шараларға шақырту алып көрмеппіз. Осы уақытқа дейін біздерге Қала күнін өткізуді де ұсынбаған екен. Ақша шашып, Алматы жақтан шақыруға әуес. Солардың жүргізгенінен де артық, жоғары дәрежеде өткізуге қабілетіміз жетеді. Алайда өзге қалалардың мерекелік шараларына шақырту алып, жоғары деңгейде өтуіне атсалысып жүрміз.

Ғазиз: Өзімізден болмаса да басқа қалалардан шақыртуды жиі аламыз. Осындайда бір құпияны ашуға тура келіп тұр. Бірер жыл бұрын «Маусым бойы Жаңаөзен қаласының атынан шығып, ойнасаңыздар» деген ұсыныс болды. Жалақы да ұсынды. Бұған дейін Оралдың атынан шығып жүріп, Жаңаөзеннің атынан маусымдық ойынға қатысу бізге сын болар еді. Біз ақшасына қызықпай, ұсыныстан бас тарттық.

Ақболат: Бізді қолдап отырған Оралдың халқы, көзайым көрермені. Көшеде көріп қалған сәтте ықыластарын білдіріп жататын азаматтар бар. Жастар жағы кездесуге шақырып тұрады. Жуырда Махамбет Өтемісов атындағы БҚМУ студенттерімен кездесуге барып, шығармашылық жоспарымызбен бөлістік.

Шүкір, Қазақстанның шоу-бизнесінде өз орнымыз бар. Сериалдарға, бағдарламаларға қатысып жүрміз. Әзіл шеберлерімен, қазақ эстрадасындағы әншілермен өте жақсы қарым-қатынастамыз. Кез-келген уақытта хабар алысып тұрамыз. Оралда өткен шаралардың ішінен тек қайырымдылық гранд-балына шақырылдық. Онда да Астанадан туған жерге келіп, шара ұйымдастырған Алпамыс досымыздың арқасында деп айтайық. Республикалық деңгейдегі шыққан биігімізді көріп жүргеннен кейін де қолқа салған болар. Біз өзіміз үшін көмек сұрамаймыз. Өнер жолында өсіп келе жатқан кейінгі жастарға қолдау керек деп ойлаймыз. «ҚазИИТУ құрамасы», «Жаңа толқын», «Грант» сынды командалар жақсы нәтиже көрсетіп жүр.

Сонымен, КВН-нің жастар үшін пайдасы туралы ойларыңызды білсек?

Ақболат: Жайдарман арқылы танылғандықтан, біздің түсінігімізше, Жайдарман, яғни КВН – жастар арасындағы тәрбиенің құралы. Сахна мәдениетi мен шеберлiгiн, сөйлеу мәнерiн, ой ұшқырлығын дамытатын өнер. КВН біреуді мазақ қылып, басшылықтағы адамдарға тиісу емес. Өкінішке орай, интернет-жұлдыз болғысы келіп, камераға ойнайтындар да бар. Ал біздің мақсатымыз қазақ менталитетіне сай әзіл көрсетіп, жастардың оң тәрбие алуына ықпал ету. «Назар аудар» жобасының мақсаты – осы. Жастар үшін ұйымдастырылып жатқан шаралар тек фотоесеп үшін ғана емес, шын жүрекпен ұйымдастырылса жақсы болар еді.

Ашық сұқбаттарыңыз үшін рахмет. Алдағы жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
58 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
276 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
767 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1144 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1074 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1504 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2120 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2287 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2294 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2342 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2348 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
1989 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2829 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2884 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2877 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3487 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3459 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3445 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3423 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3587 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3633 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»