8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Қыркүйек 2019 1494 0
Қоғам

ОРАЛДА ИНВЕСТИЦИЯЛАР МЕН ЦИФРЛАНДЫРУ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФОРУМ ӨТТІ

Бүгін Оралда Digital In West — инвестициялар және цифрландыру бойынша өңірлік форумы өтті. Форумда қоғамды, мемлекет пен бизнесті цифрландыру үшін инновациялық экожүйені құру және дамытуға ерекше назар аударылды. Оған  отандық және шетелдік инвесторлар мән кәсіпкерлер қатысты.

Орал трансформатор зауыты базасында ұйымдастырылған форум аймақтың экспортқа бағытталған тауар өндірушілерінің және форум қатысушыларының ІТ жобаларының көрмесімен басталды. Көрмеде 30 шақты жергілікті кәсіпорынның өнімдері мен республикамыздағы 15 ІТ жоба таныстырылды. Форумның пленарлық мәжілісін облыс әкімі Ғали Есқалиев ашып, цифрландыру аясында облыста іске асып жатқан жобаларды таныстырып өтті.

– Цифрландыру – сапалы, қолжетімді интернет болмаса, мүмкін емес. Сол себепті, ауыл мен қала арасындағы цифрлық айырмашылықты жою мақсатында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында облыс аудандарын 2020 жылға дейін кең жолақты интернетпен қамту жоспарланды. Жалпы бес аудандағы 92 елдімекенге интернет желісін тарту көзделіп отыр. Биыл 60 ауылға талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылса, келер жылы қалған 32 елдімекенге интернет қолжетімді болады. Кез келген инвестициялық жоба жер учаскесінен басталады. Қазіргі уақытта облысымызда жер учаскелерін ұсыну аукцион бойынша онлайн режимде жүргізілуде. Бұл әзірге облыс орталығы бойынша қолға алынды. Жыл соңына дейін аудандарда да жер учаскелерін беру онлайн аукционға көшірілетін болады. Биылғы жылы онлайн режимде 27 аукцион өткізіліп, 74 жер учаскесінің жалдау құықығы сатылымға шығарылды. Жыл соңына дейін қаланы толықтай цифрландырған соң, барлық жер учаскелері аукционға шығарылатын болады. Сондай-ақ БҚО-ның геоақпараттық порталын іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Бұл портал бос жер учаскелерін анықтауға, оның мақсатты пайдаланылуын, жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан болатын бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек биылғы жылы BITRIX-24 жүйесі негізінде «БҚО Жобалық кеңсесі» құрылды. Қазір бюджеттік, инвестициялық жобалар ғана емес, мемлекеттің қолдауын қажет ететін жеке инвесторлардың жобалары да осы бағдарламаға енгізіліп отыр. Шамамен 200-дей жоба бар. Онлайн режимде жоба инвесторларымен сөйлесіп, жобаның жоспарын, атқарылу кезеңдерін, негізгі көрсеткіштерін бақылай аламыз. Бағдарлама біздің облыс үшін жаңа. Бұл инвесторлардың мемлекеттік органдармен онлайн режимде хабар алысуына және уақытты үнемдеуге септігін тигізеді.  Сондай-ақ астанамыздың үлгісінде 109 iKomek апаттық-коммуналдық қызметінің қалалық саІІ-орталығы іске қосылды. Бұрын әрқайсысы бөлек, яғни алты түрлі телефон нөмірі болған болса, қазір ол бірыңғай 109 нөміріне біріктірілді. Бұл оралдық ІТ-компанияның дайындаған әзірлемесі болып табылады. Жыл соңына дейін шұғыл қызметтер үшін бірыңғай қызмет жобасын енгізетін боламыз, – деді Ғали Нәжімеденұлы.

Сонымен қатар облыс басшысы финдіктермен бірлесе жобалау және құрылыс саласына енгізілген 3D CAVE жүйесі, Smart City аясындағы жоспарланған жобаларды таныстырды.

Жиын барысында Әзірбайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Рашад Маммадов Әзірбайжан еліндегі цифрландыру жүйесінің енгізілуін баяндаса, Қазақстан-Герман аграрлық-саяси диалогының басшысы Йорг Динкелакер Германияның агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру тәжірибесін Қазақстанда қолдану мүмкіндіктерінің жоғары екенін жеткізді. КАС Консалтинг директоры Ирина Сулименко АӨК цифрландыру тәжірибесі туралы, Нұр-Сұлтан қаласынан келген «Елорданы тұрақты дамыту орталығының ІТ-сәулетшісі Виталий Пустовойтенко аймақты басқарудағы BIG DATA құралдарын қолдану жобасына тоқталды.

Форум аясында  бірнеше мекеме-кәсіпорындар арасында ынтымақтастық жөнінде меморандум жасалды.

Форум жұмысы «Smart City жобасын дамыту», «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және өнеркәсіпті цифрландыру (Индустрия 4.0)», «Инновациялық экожүйені дамыту», «Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру» тақырыптарындағы секциялық отырыстармен жалғасты.

Эльмира НҰҒМАНОВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
422 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
371 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
714 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
1185 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1557 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1356 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1916 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2538 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2699 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2704 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2758 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2763 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2274 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
3241 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3292 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3285 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3908 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3869 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3864 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3834 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3994 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»