ҚАЛА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
«Қала күні» мерекесі аясындағы шаралар бүгін ертемен Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясында қала әкімінің қабылдауымен басталды. Оған ардагерлер, қала тұрғындары және көршілес Атырау, Ақтау қалаларынан келген қонақтар қатысты.


Салтанатты жиында шаһар басшысы Абат Шыныбеков қалалықтарды Ақ Жайық жағасындағы әсем де әдемі шаһардың төл мерекесімен құттықтады.
– Орал – екі әлем бөлігі Еуропа мен Азияның нақ түйіскен жерінде орналасқан кең байтақ еліміздің батысындағы көне қалалардың бірі. Қаламыздың географиялық қолайлы орналасуы экономиканың дамуында маңызды рөлге ие.
Бүгінгі таңда Елбасымыздың халыққа Жолдауларында, бағдарламаларында атап өткен межеге қарыштап қадам басып келеміз. Тәуелсіздік жылдарында мемлекет тұрақты экономикалық өсім мен жоғары әлеуметтік стандарттарды қамтамасыз ете алды. Оның ішінде Орал қаласында да ауқымды жұмыстар жүргізіліп, жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді. Қала экономикасы жылдан жылға дами түсіп, халықтың әл-ауқаты, тұрмыс жағдайлары жақсарды. Жолдар мен аулалар қалпына келтірілуде. Жаңа әлеуметтік маңызды нысандар іске қосылды. Соңғы жылдары шаһарымыздың келбеті өзгеріп, жаңа шағынаудандар бой көтерді, саябақтар ашылды. Халық саны да өсіп келеді. Бүгінде қалалықтардың саны 350 мыңға таяды. Қала тұрмысын жоспарлау, үнемдеу, ысырап пен шығынды азайту мәселесі – күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі. Осы мақсатта қолға алынған «Ақылды қала» тұжырымдамасы аясындағы жобалар сәтті жүзеге асырылуда. Осындай табысқа жетуде мемлекеттік органдардың жұмысымен қоса, ірі кәсіпорындардың, шағын және орта кәсіп өкілдерінің үлесі мол. Туған өлкеге ұдайы қамқорлық жасап, экономиканы дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы атқарып жатқан жұмыстарыңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Елбасы Н.Назарбаевтың және ҚР Президенті Қ.Тоқевтың халыққа арнаған Жолдауларында халықтың бақуатты өмір сүруі және еліміздің озық дамыған 30 елдің қатарына қосылуы – Тәуелсіз мемлекетіміздің мәңгілік мұраты екенін аталды. «Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді» дейді халық даналығы. Ынтымақ-бірлігіміз жарасты болса, біз алмайтын асу, бағындырмайтын белес жоқ. Олай болса, бірліктің күшімен қаламызды одан әрі көркейтіп, Қазақстанымыздың дамыған елдер қатарынан табылуына бір кісідей атсалысайық, – деді Абат Абайұлы.
Салтанатты жиында Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгіновтың құттықтау хаты оқылып, қаламыздың мерекесіне ортақтаса келген Атырау мен Ақтау қалаларының делегациялары атынан Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлы және Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Дастан Маратбекұлы ыстық лебіздерін жеткізді.
Сондай-ақ Ресей Федерациясының Орал қаласындағы бас консулы Андрей Батманов, еңбек ардагері Рахметолла Сүйербаев және Орал қаласының құрметті азаматы Бәтес Исмағұлова сахнаға шығып, Қазақстанның батыс қақпасы Орал қаласының даму жолы, қаланың дамуына үлес қосқан тұлғалар туралы сөз қозғап, шаһардың көркейіп, өркендей беруін тіледі.
Шара Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония мен жас өнерпаздар ұсынған концерттік бағдарламамен айшықталды.
Мереке бұдан әрі Н.Назарбаев даңғылы мен Д.Нұрпейісова көшесі бойындағы шаралармен жалғасты.








Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу