ҚАЗАҚ КИНОСЫНЫҢ АПТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Қала күні мерекесі аясында шаһар тұрғындары апта бойы қызықты шаралардың куәсі болады. Соның бірі – екінші қыркүйек күні Гагарин атындағы балалар кинотеатрында Қазақстан киносы апталығының ашылуы.

Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, «Мәдени-ағарту бірлестігі» МКҚК ұйымдастырған отандық киноматографияны насихаттау мақсатындағы апталықты ашқан қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов жиналғандарды Қала күнімен, дәстүрлі Қазақстан кино апталығының ашылуымен құттықтап, баршаны шаһардың туған күні шеңберінде өтетін жоспарлы шараларға белсенді қатысуға шақырды. Сондай-ақ халықтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыратын рухы биік, мазмұны терең, оқиғасы тартымды әрі көрермен назарына ұсынылатын сапалы отандық кино туындылардың маңызына тоқталды.
Ал Ұлы Отан соғысының ардагері Хамза Сафин төл тарихымыздан сыр шертер кино туындыларды уақытты текке сарп ететін ешқандай смартфон, ғаламтор алмастыра алмайтынын тілге тиек етіп, ата-бабамыздың, жерлестеріміздің тарихын тек кинофильмнен ғана түйсініп көруге болатынын жеткізді.
Айта кету керек, бір апта бойы қалалықтар аталмыш кинотеатрдан киноматографияның үздік туындыларын яғни «Күлтегін», «Мұзбалақ», «Саташ» фильмдері мен ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Абай. Мизам шуағы» көркем туындыларын тегін тамашалай алады. 7 қыркүйек – қазақ батырлары Исатай-Махамбет ескерткіші қала мен Зачаган кенті аралығындағы Шаған өзенінен өтетін көпірдің алдынан ашылады. Сондықтан кино апталықтың да «Махамбет» тарихи-драмалық фильмінің көрсетілімімен басталуы тегін емес.
Фильм режиссері – Сламбек Тәуекел. «Махамбет» фильмі нақты тарихи кезеңге негізделген сондай аз санатқа келіп қосылып жатқан тың дүние. Бөкей ханның ұлы Жәңгір-Керей хан 1824 жылдың жазында хан тағына отырады. Бұл биліктегілер мен қарапайым қара халық арасындағы шиеленіс түтінінің бықси түсіп, қолқаны әділетсіздік пен алауыздықтың «қолаңсасы» қарыған қым-қиғаш кезеңнің басталар шағы болатын. Осы таққа отырғызу рәсімінен өрбитін фильм одан әрмен қарай озбырлық пен отаршылықты, әлеуметтік ортадағы әділетсіздік пен тұлғалар қайшылықтарын, олардың бітіспес бұралаң жолдарын суреттеумен жалғасады. Көркем туынды саяси, әлеуметтік мәселелер шекпенінде қалып қоймайды, Махамбет батырдың Айғаным сұлумен арадағы ғашықтық сезімдері шынайы шығады. Ата-салт, ежелгі дәстүр нақыштары нанымды бояумен бейнеленеді.
Тарихи драма 2008 жылы 21 қарашада шыққан. Фильмнің бас продюсері – Мәдина Сүлейменова. Махамбет рөлін сомдаған – Берік Айтжанов, Исатайды бейнелеген – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ерік Жолжақсынов, Баймағамбет Айшуақов рөлінде – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Болат Әбділманов, Түрген батырдың рөлінде ойнаған – Арман Әселов.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА


Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу